Т.КӘКІШҰЛЫНЫҢ «МАҒЖАН МЕН СӘКЕН» ҒЫЛЫМИ ЭССЕСІНДЕГІ ТҰЛҒАЛАР ТҰТАСТЫҒЫ

  • Арай Несипбекова КарУ имени Е.А.Букетова
Ключові слова: Кілт сөздер: ғылыми эссе; тұлғалар тұтастығы; ақын; ғалым; футуризм; символизм; тарихи дерек.

Анотація

Аңдатпа. Бұл зерттеу жұмысында Тұрсынбек Кәкішұлының тарихи деректер мен архивтік мағлұматтар негізінде жазылған «Мағжан мен Сәкен» ғылыми эссесі қарастырылған. Қазақ әдебиеттану ғылымында дау-дамайы мол мәселенің бірі – Мағжан мен Сәкеннің қарым-қатынасы. Көзі тірісінде де, ақталғаннан кейін де дабырасы басылмай келе жатқан осы мәселені шешуге арналған ғалым еңбегі - ұлы классиктеріміздің өмірі мен шығармашылығын өзек еткен, көркемдік талдаулармен оқырманның тарихи танымын, эстетикалық түсінігін молайтатын құнды еңбек. Мақалада ғылыми эсседегі қос ақынның пенделік қарым-қатынасы, поэзиялық қуаты, суреткерлік шеберліктері, жеке дара қолтаңбасы талдау нысаны болып отыр. Ақындардың шығармашылық ғұмырнамасы, ұлттық, азаматтық көзқарастағы жырлары, тұлғалар тұтастығы, қоғамдық қызметтері автор зерттеулері мен тұжырымдары негізінде талданады.  

Жарияланды:
2024-09-25
Бөлім
Филология