САТИРАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ ИРОНИЯНЫҢ ОРНЫ
Анотація
Аңдатпа. Мақаласатиралық шығармалардағы иронияның орнын пайымдауға арналған. Қазақ әдебиетіндегі көрнекті сатириктердің прозалық шығармаларындағы иронияның қолданылуы А.Тоқмағамбетов, Ш.Смаханұлы, Ү.Уайдин, М.Рәш әңгімелері мен фельетондарының мысалында қарастырылады. Сатиралық шығармалардағы иронияның авторлық баға беру, сыни көзқарасты таныту, қайшылықтарды ашу құралы ретіндегі қызметі нақты мысалдар арқылы талданады. Иронияның авторлық баяндаудағы және кейіпкер сөздеріндегі қолданысы арқылы бағалаушылық, талдаушылық, сыни көзқарасты танытудағы көркемдік қызметін бағалауға талпыныс жасалады. Сонымен қатар, ішкі мәтіндегі ирониялық мағынаның ерекшеліктері аллюзия, перифраза, эмфаза секілді риторикалық тәсілдердің қолданыстары арқылы да сараланады. Мақалада иронияның авторлық көзқарасты білдірудегі қызметі оның сатиралық және юморлық мәтіндердегі қолданыс ерекшеліктерімен сипатталады. Ирониялық мағынаның лингвистикалық түрінен өзге объективті, концептуалдық, ассоциативтік түрлерінің мәтіндік деңгейде көрінетіндігі де пайымдалған.