ТЕМІР МЫҢЖАС – КӨП ҚЫРЛЫ ҚАЛАМГЕР: АҚЫН, ЖАЗУШЫ, ЖУРНАЛШЫ
Анотація
Мақалада Жайық-Каспий өңірі әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы, журналист Темір Мыңжастың шығармашылық әлеміне шолу жүргізілген. Бірнеше прозалық кітаптар мен поэзиялық жыр жинақтарының авторы Темір Мыңжастың қазақ әдебиетінің дамуына қаншалықты үлес қосқанын зерттеу авторлары әр қырынан алып, жан-жақты қарастырады. Жазушы шығармаларының кейіпкерлері негізінен оның өзі өмір сүріп отырған дәуірдің адамдары, нақты айтқанда күндіз-түні дамылсыз еңбек етіп, тәуелсіз еліміздің гүлденіп, көркеюіне, қоғамның дамуына өз үлестерін қосып жүрген еңбекші тап өкілдері. Сонымен бірге қилы тіршіліктің, қарбалас өмірдің өтінде жүрген қарапайым ауыл адамдарының аңғал мінездері сол қалпында алынып, суреттеледі. Еңбек авторлары Темір Мыңжастың журналистік қабілетіне, публицистикалық шеберлігіне назар аударып, қыр-сырына үңіледі. Сондай-ақ оның өлең-жырларының көркемдік, тақырыптық-идеялық ерекшеліктеріне талдаулар жүргізеді. Ақынның ұлттық құндылықтар мен қазақтың басынан кешкен ақтаңдақтар тарихын жырлаудағы ізденістерін атап көрсетеді.