ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ

  • Гүлдархан Рысбаева Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
  • Жанар Исаева
  • Ғалия Тұңғышбаева
  • Салима Алиева

Аннотация

Бұл мақалада автор түркі халықтарының рухани мұрасы жайлы сөз қозғайды. Бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ескерткіштердің бірі - бүкіл әлемге әйгілі болған VІІІ ғасырдағы Орхон- енисей ескерткіштегі жазулардан «Алла», «Құдай», «Тәңірі» культтік сөздерінің әлемнің тілдік бейнесі тұрғысынан қарастырады. Араб-парсы тілдерінен енген «Құдай», «Алла», «Тәңірі» культтік лексемалар негізгі тірек компонент қызметін атқарып, «берді», «берген» деген етістіктермен тіркесіп келіп Аллаберген, Тәңірберген, Құдайберген, Жасаған берген, Аллаберді, Құдайберді, Тәңірберді сияқты ер адамдардың есімдері жасалады. Ұлттық дүниетанымдағы «жаратушы күштер» концептісінің когнитивтік моделін - «Құдай», «Алла», «Тәңірі» синонимдес концептілер арқылы анықтап, этностық дүниетаным мен салт-дәстүрге, наным-сенімдерге қатысты байырғы лексикадан қалыптасқан когнитивтік бірліктерге этнолингвистикалық талдау жасалады. «Құдай», «Алла», «Тәңірі» тірек-сөздерімен келген культтік фразеологизмдердің түркі халықтарының дүниетанымдық жүйесінде алатын орны айырықша, мифтік-танымдық бірліктер болып табылады. Адам санасында дүниенің көрінісі когнитивтік құрылым, когнитивтік бірліктер арқылы іске асырылады.

Опубликован
2021-09-25
Раздел
Филология