ОҢТҮСТІК ОСЕТИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Анотація
Аңдатпа. Бұл мақалада Оңтүстік Осетия Республикасының шаруашылығының құрылымы және экономикалық даму жағдайына тоқталады. Елдің физикалық географиялық орналасуына жалпы шолу жасай отырып, қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму барысына сипаттама беріледі.
Оңтүстік Осетия Республикасы Кавказдың қақ ортасында, Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан және Үлкен Кавказдың оңтүстік беткейлерін және Картлия жазығының тау бөктерін алып жатыр. Ауданы 3900 км2.
Мемлекеттің экономикасының дамуына басым үлес қосып отырған саласы жеңіл өнеркәсіп саласы. Бірқатар өндірістік нысандар бар, олар астанасы Цхинвалдың айналасында орналасқан. Құрылыс материалын шығаратын кәсіпорын салалары жақсы жолға қойылған. Тамақ өнеркәсібі саласы 23% құрайды. Металл өңдейтін және ағаш өңдейтін өнеркәсіп орындары қызмет етуде. Машина жасау бойынша бірнеше кәсіпорындары бар.
Оңтүстік Осетия Республикасы аграрлық ел табылады, дегенмен аумағының 10% - дан азы ауыл шаруашылығында қолданылады. Негізгі тағамдар-дәнді дақылдар, жемістер мен жүзім. Орман шаруашылығы мен мал шаруашылығы сақталуда
Мал шарушылығында сүтті-етті бағытындағы ірі қара, шошқа шаруашылығы жолға қойылған.
Көлік кешені бойынша ел аумағында автомобиль, әуе көлігі, темір жол көлігі жолға қойылған.