REDUCING THE ENVIRONMENTAL FOOTPRINT: INNOVATIONS IN THE DISPOSAL OF DRILLING WASTE

  • Нургуль Ержанова ЗКУ имени М.Утемисова
Ключові слова: бұрғылау қалдықтары, гипсті байланыстырғыштар, бұрғылау шламы, жұмсару коэффициенті, су тұтыну, жылуөткізгіштік

Анотація

Мақала мұнай-газ саласындағы экологиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселесіне арналған. Авторлар бұрғылау қалдықтарын қайта өңдеудің экологиялық таза гипс негізіндегі құрылыс материалдарын өндіру үшін минералды толтырғыш ретінде пайдалану инновациялық әдісін ұсынады. Жұмыста бұрғылау қалдықтарын құрылыс материалы ретінде пайдалану мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар соңғы өнімнің қасиеттеріне оң әсерін растайтын эксперименттік зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Жүргізілген экологиялық бағалау нәтижесінде ұсынылған әдіс қалдықтардың қоршаған ортаға теріс әсерін едәуір төмендетуге мүмкіндік беретіндігін көрсетті.

Қоспалардың құрамын және қату шарттарын өзгерту бойынша зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде алынған материалдардың беріктігіне, суға төзімділігіне және басқа сипаттамаларына әртүрлі факторлардың әсері туралы мәліметтер алынды. Әзірленген материалдардың экологиялық қауіпсіздігіне бағалау жүргізілді. Алынған нәтижелер құрылыста бұрғылау қалдықтарын пайдаланудың перспективалылығын көрсетеді және экологиялық таза және үнемді материалдар жасау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Жарияланды:
2024-12-25
Бөлім
Экология