НЕЙРОГИМНАСТИКА – БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ОҚУ ҚЫЗМЕТІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Анотація
Мақалада Пол И. Деннис 1970 жылдары Америкада жасаған нейрогимнастикалық жаттығулар кешенінің ғылыми зерттеу нәтижелері талқыланады. Бұл жаттығулар алғашында ақыл-ой дамуы тежелген, аутизммен ауыратын және басқа да психикалық ауытқулары бар балаларға, соның ішінде жарақаттар мен аурулар салдарынан зардап шеккен балаларға арналған. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жаттығулар кешенін қолдану арқылы балалардың психикалық көрсеткіштерінің айтарлықтай жақсарғаны байқалған. Атап айтқанда, когнитивті қабілеттерді, зейін мен есте сақтау қабілетін, жалпы психофизикалық көрсеткіштерді жақсартуға ықпал еткені анықталды.Мақалада нейрогимнастика ұғымының теориялық негіздері оқушыларға әсері сипатталады. Зерттеу авторларының айтуынша, мұндай жаттығулардың жалпы білім беру ұйымдарында қолданылуы балалардың оқу үлгерімін арттыруға, назар аудару қабілетін дамытуға және сабақтағы белсенділігін арттыруға септігін тигізуі мүмкін. Зерттеушілер когнитивті қабілеттердің дамуы оқу процесіндегі қиындықтарды азайтып, баланың өзіне деген сенімін арттыратынын атап көрсетеді.Сондай-ақ, мақалада нейрогимнастиканы практикалық тұрғыдан енгізу тәсілдері мен әдістемелік ұсыныстар берілген. Әр түрлі жаттығулар мысалдары келтіріліп, олардың орындалу әдістері көрсетілген. Ұсынылған жаттығулар кешені оқушылардың зейінін шоғырландыруға, ойлау қабілетін арттыруға және жалпы психологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған. Мақала жалпы білім беру саласында нейрогимнастиканы кеңінен қолдану арқылы балалардың оқу үдерісін жеңілдету мен олардың психологиялық денсаулығын нығайту қажеттілігін дәлелдейді.