ЖАЗУШЫ Б.ТІЛЕГЕНОВТЫҢ «СЕКСЕН АЛТЫНШЫ ЖЫЛ» РОМАНЫНДАҒЫ ПОЛИФОНИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР

  • Рита Султангалиева М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Ключові слова: роман, полифония, диалог, қатар сюжеттер, контрапункт, көпдауыстылық, стиль, монолог.

Анотація

Зерттеудің мақсаты – тәуелсіздік кезеңіндегі тарихи оқиғаларды оқырманға жеткізудегі полифониялық шығармалардың рөлін, көркемдік күш-қуатын анықтау, белгілі шығармаларды түсінудің жаңа мүмкіндіктерін ұсыну, қазіргі таңда өзекті болып отырған интеграцияның полифониялық принципін зерттеушілік қызметте қолдану және әдебиеттің музыкамен ішкі байланысының тереңірек екенін көрсету.

Мақалада Б.Тілегеновтың «Сексен алтыншы жыл» атты полифониялық романы талданады. Автор романда бірнеше оқиғаларға қатар тоқталып, олардың әрқайсысына сөйлеу мен баяндаудың өзіндік ерекшеліктерін береді. Мақалада осындай сипатты белгілерге мысалдар келтіріліп, автордың баяндау полифониясына жүгінуінің себебі көрсетіледі. Полифониялық шығармаларға тән диалог, монолог ішіндегі диалог, контрапункт секілді көркемдік ерекшеліктер талданып, шығармадан мысалдар, нақты дәлелдер келтіріледі. Әдебиеттегі, музыкадағы полифония туралы зерттеулер жинақталып, шолу жасалады.  Шетел авторларының полифониялық әдістері мен жазушы Б.Тілегенов қолданған әдістер салыстырылады. Адам психологиясын түсінудегі диалогтың маңызы, соның ішінде «өзгенің дауысымен» жүретін диалогтар маңызы талданады.

Зерттеу нысанына алынған «Сексен алтыншы жыл» шығармасындағы контрапункттың көрініс табу әдістерін анықтау зерттеудің ғылыми құндылығын арттыра түседі. Қатар суреттелген оқиғалардың арасындағы үндестік те анықталады.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: әдебиеттану ғылымын зерттеуші студенттерге, магистранттарға, докторанттарға пайдалы зерттеу бағыты бола алады.  Осы салада оқылатын дәрістерде пайдалануға болады. Зерттеу жұмысы полифониялық шығармаларды терең түсінуге, талдауға көмектеседі.

Мақалада полифонияға тән ерекшеліктерді жүйелеу, баяндау, талдау, салыстыру секілді  әдістер пайдаланылады.

Жарияланды:
2024-12-25
Бөлім
Филология