АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІК ӘСЕР ЕТУ АЙМАҒЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚТЫҢ ЛАСТАНУ ДӘРЕЖЕСІН БАҒАЛАУ

  • Ошақбай А.А., Базарбаева Т.А., Мұқанова Г.А., Қырғызбай Қ.Т., Әлимұратқызы А. КазНУ им. аль - Фараби
Ключові слова: топырақтың ластануы; ауыр металдар; экологиялық қауіп; Атырау мұнай өңдеу зауыты; жиынтық көрсеткіш; техногендік әсер; топырақтың химиялық құрамы; экологиялық мониторинг; ластаушы заттар; тұрақты даму.

Анотація

Бұл мақалада Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) техногендік әсер ету аймағындағы топырақтың ауыр металдармен ластану деңгейі зерттеледі. Зерттеудің негізгі мақсаты – зауыт аймағындағы топырақтың химиялық құрамындағы ауыр металдардың (мышьяк, никель, хром, кадмий және т.б.) концентрациясын анықтап, олардың экологиялық қауіпсіздігін бағалау. Зерттеу далалық және зертханалық әдістерді қолдану арқылы жүргізілді.

Топырақтың химиялық ластануының жиынтық көрсеткіші (Zc) есептеліп, оның қауіптілік деңгейі бағаланды. Нәтижелер бойынша ауыр металдардың концентрациясы кейбір нүктелерде шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК) бірнеше есе жоғары екені анықталды. Әсіресе, хром мен никельдің мөлшері экологиялық және адам денсаулығына үлкен қауіп төндіретін деңгейде.

Зерттеу нәтижелері топырақтың ластану дәрежесін төмендету және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша нақты ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Антропогендік әсерді азайту үшін экологиялық мониторинг жүйесін енгізу және қалпына келтіру шараларын жүргізу қажеттігі атап өтіледі.

Жарияланды:
2025-03-25
Бөлім
Экология