БАТПАҚТЫ ҚАЗАНАҚ ӨСІМДІГІНЕН ДӘРІЛІК ШИКІЗАТ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Анотація
Табиғи ресурстарды медицинада қолдану дәрілік заттарды алудың жаңа әдістерін дамытуды талап етеді. Батпақты қазанақтың дәрілік шикізаты қабынуға қарсы, антисептикалық және микробқа қарсы қасиеттерімен ерекшеленеді, бұл оны фармацевтика саласында сұранысқа ие етеді. Батпақты қазанақтан дәрілік шикізатты алу технологияларын зерттеу алынған сығындылардың сапасы мен тиімділігін арттыра алатын экстракция мен өңдеудің жаңа әдістерін анықтауға және енгізуге мүмкіндік береді.
Мақала қабынуға қарсы, антисептикалық және қақырық түсіретін қасиеттеріне байланысты халықтық және дәстүрлі медицинада кеңінен қолданылатын батпақты қазанақ өсімдігінен дәрілік шикізат алу технологиясын қарастыруға арналған. Батпақты қазанақ өсімдігіне спиаттама беріліп, оның химиялық құрамы қарастырылды. Жұмыста шикізат өндірісінің негізгі кезеңдері талданады: өсімдіктерді жинау, дайындау, кептіру және сақтау, сонымен қатар эфир майлары мен флавоноидтар сияқты биологиялық белсенді заттарды алу әдістері көрсетілген. Шикізаттың сапа стандарттарына және фармакопеялық стандарттарға сәйкестігіне ерекше назар аударылады. Өсімдіктің химиялық құрамы, оның фармакологиялық қасиеттері және фармацевтика өнеркәсібінде әрі қарай пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер берілген.