ТҰҚЫМДАР ӘРТҮРЛІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДА ӨСЕТІН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ GYMNOSPERMIUM ЖӘНЕ LEONTICE ТҮРЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ РЕТІНДЕ

  • Абидкулова К.Т., Алмабек Д.М., Мухитдинов Н.М., Курбатова Н.В., Карашолакова Л.Н., Туралин А.Б. Казахский нацилнальный университет им. аль-Фараби
Ключові слова: тұқымдар; Gymnospermium alberti; Gymnospermium altaicum; Leontice incerta; Leontice ewersmannii; Berberidaceae; морфометриялық көрсеткіштер; Қазақстан

Анотація

Тұқымдар таксономияда қолданылатын өсімдіктердің негізгі сипаттамаларының бірі және өсімдіктерді анықтау үшін қажетті компонент болып табылады. Бір немесе басқа түрді сипаттау кезінде тұқымдардың морфологиялық және морфометриялық параметрлері көрсетіледі. Бұл мақалада біз Қазақстанда кездесетін және әртүрлі экологиялық жағдайларда өсетін Gymnospermium alberti (Regel) Takht., Gymnospermium altaicum (Pall.) Spach, Leontice incerta Pall. және Leontice ewersmannii Bunge (Berberidaceae) тұқымдарының морфометриялық көрсеткіштерін талдаймыз. Leontice ewersmannii өсімдігінің тұқымдары максималды ұзындығы мен ені, және 1000 дана салмағымен ерекшеленді, тұқымның ең аз көрсеткіштері мен салмағы Gymnospermium altaicum болды. Пішін коэффициентінің шамасы бойынша Gymnospermium alberti мен Leontice ewersmannii тұқымдары шартәрізді, ал Gymnospermium altaicum тұқымдары ұзынша (сопақтау) болды. Gymnospermium тұқымдары Leontice тұқымдарынан тұқым қабығының өсінділерінің – строфиолидың болуымен ерекшеленеді. Барлық зерттелген таксондардағы морфометриялық көрсеткіштердің өзгергіштігі өте төмен немесе төмен, бұл осы белгілердің тұрақтылығын көрсетеді.

Жарияланды:
2025-03-25
Бөлім
Экология