ҚАЗАҚСТАНДА БИОҚАЛДЫҚТАРДЫ ЭНЕРГОРЕСУРСТАР МЕН ТЫҢАЙТҚЫШТАР АЛУ ҮШІН ӨҢДЕУ АРГУМЕНТТЕРІ
Анотація
Қазіргі Қазақстан энергетикасы негізінен мұнай, табиғи газ, тас көмір, уран және басқа да минералды ресурстар сияқты жаңартылмайтын энергия көздерін пайдалануға тәуелді, олардың өндірісі экономикалық және технологиялық тұрғыдан негізделген. Алайда, бұл ресурстарды шексіз пайдалану мүмкін емес. Сол себепті Қазақстан бүгінде баламалы энергия көздерін дамыту бағытын ұстануда (атом электр станцияларын салу, жел және күн электр станциялары желісін дамыту). Қазақстан – ауыл шаруашылығы аймағы, оның ауыл шаруашылығы қызметі қалдықтардың жыл сайын көбейіп отыруымен сипатталады. Қалдықтардың тек қоршаған ортада жиналуы ғана емес, сонымен қатар парниктік газдардың көлемі де артып келеді, ал бұл ғалымдардың пікірінше, жаһандық климаттың өзгеруіне себеп болып отыр. Ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеусіз азайтуға бағытталған қазіргі әдістер өзектілігін жоғалтты. Сондықтан қалдықтарды қайта өңдеп, биогаз және минералды тыңайтқыштар алып, энергия өндіру мақсатында жергілікті биоэлектр станцияларын дамытуға назар аудару қажет.
Бүгінгі күні жергілікті биогаз станцияларын дамыту өзекті болып отыр, өйткені Қазақстан көптеген елдер сияқты көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді көздеп отыр. Мемлекет бұл салаға ерекше назар аударып, қолдау механизмдерін енгізуде. Бұл мақалада ауыл шаруашылығы қалдықтарының көлемі, осы саладан бөлінетін парниктік газдардың көлемі есептелген, қалдықтарды қайта өңдеу бойынша баламалы әдістер ұсынылған, елімізде жұмыс істеп тұрған станциялардың тәжірибесі сипатталған, мемлекеттік қолдау түрлері мен бар кедергілер талданған.