БАЛҚАШ КЕН-МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ КОМБИНАТЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚТЫҢ АУЫР МЕТАЛДАРМЕН ЛАСТАНУ ДЕҢГЕЙІ
Анотація
Индустриалды орталықтар шоғырланған жерлердегі топырақ жамылғыларының ауыр металдармен ластануы әлемнің көптеген елдері үшін, соның ішінде Қазақстанда да өзекті мәселе болып табылады. Топырақтағы ауыр металл элементтерінің негізгі көздері металлургия өндірісі болып, металлургиялық кәсіпорын айналасындағы топырақтың ауыр металдармен ластануы адам денсаулығына қауіп төндіреді және тірі организмдердің дамуында әртүрлі патологияларды тудырырады. Миграциялық процестердің нәтижесінде топырақтағы токсиканттар жер үсті және жер асты суларына түседі. Бұл зерттеуде Орталық Қазақстанның металлургиялық кәсіпорыны «Қазақмыс» Өндірістік бірлестігі (Балқаш кен-металлургиялық комбинаты) аумағындағы ауыр металдармен ластанған топырақ жамылғысының экологиялық жағдайы бағаланды. Орталық Қазақстанның өндірістік аумағындағы топырақ жамылғысының әртүрлі ауыр металдардың ұқсамаған концентрациялармен ластану жағдайы анықталды. Алынған топырақ сынамаларында 11 ауыр металдар анықталды және еріген күйінде мына ауыр металдар кездесті TiO2, MnO, және Fe2O3. Мына ауыр металдардың Pb, Zn, Сu және Sr концентрациясының анағұрлым жоғары екендігі белгілі болды. Ауыр металдардың концентрациясының өсуі Pb>Zn>Cu>Sr>Cr>As>V>Ni>Cd>Co>Hg ретпен болатындығы айқындалды.
Ластану деңгейі ең жоғары болған үш нүкте №1, №2, №5 анықталды. Қорғасынның ең жоғары концентрациясы 901,1±0,05 мг/кг (р<0,05), мырыштың ең жоғары концентрациясы 647,3±0,05 мг/кг (р<0,05), мыстың жоғары концентрациялары 376,3±0,05 мг/кг (р<0,05) және стронций ең жоғары концентрациясы 432,6±0,05 мг/кг (р<0,05) болғандығы анықталды. Бұл зерттеу өндірістік орталықтар шоғырланған аумақтардағы топырақтың ауыр металдармен ластануын кешенді бағалауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар ластануды азайту және қоршаған ортаны ұтымды басқару бойынша ағымдағы шешімдерді ұсынады.