ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕГІ СҮЙРІК БАЛЫҚТАРЫНЫҢ (ACIPENSER RUTHENUS, LINNAEUS, 1758) БИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Анотація
Мақалада Павлодар және Абай облыстары аумағында Ертіс өзенінде мекендейтін стерлядь (Acipenser ruthenus) балықтарының таралу аймағы мен биологиялық ерекшеліктері зерттеледі. Өңірлер арасындағы айырмашылықтарды анықтайтын популяцияның ұзындығы, салмағы және жас құрылымы туралы деректер ұсынылған. Судың ластануы, гидрологиялық режимнің өзгеруі және су электр станцияларының әсерін қоса алғанда, экологиялық жағдайларға талдау жасалды. Сондай-ақ, популяция саны мен таралуына бөгеттердің құрылысы және браконьерлік сияқты антропогендік факторлардың әсері қарастырылды. Зерттеу нәтижелері Павлодар облысында стерлядьтың максималды ұзындыққа, ал Абай облысында максималды салмаққа жететінін көрсетті. Сонымен қатар, стерлядьтың массасының өсу қарқыны оның ұзындығының өсу қарқынынан кеш даму кезеңдерінде айтарлықтай жоғары екені анықталды. Алынған деректер популяция санындағы өзгерістерді болжауға және оларды қалпына келтіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді. Мақала сирек кездесетін балық түрлерін сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, олардың популяциясын тұрақтандыру үшін арнайы өсіру бағдарламаларын құруды, уылдырық шашу орындарын бақылауды және антропогендік жүктемені қадағалауды ұсынады. Зерттеу Қазақстанның су биоресурстарын тұрақты басқару және болашақ ұрпақ үшін олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін маңызды.