ХХ ҒАСЫРДЫҢ 30-50 ЖЫЛДАРЫ ОҢТҮСТІККЕ АРНАЙЫ ҚОНЫСАУДАРУШЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАЙ КҮЙІ

  • Сенгирбаева З.Ж., Айнабекова Ғ.Р. университет
Ключові слова: КСРО, Арнайы қонысау, КСРО, Арнайы қонысаудару, депортация, гректер, мәдениет

Анотація

Бұл мақалада ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы Сталиннің жүргізген солақай саясатының нәтижесінде бүкіл КСРО-ның аймақтарынан арнайы қоныс аудартқан түрлі ұлт өкілдерінің соның ішінде гректердің тағдыры мен олардың Қазақстанның Оңтүстік өңіріне көшуінің салдарынан елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайын әсер еткен тұсы жайында және мәдени рухани өмірі жайында сөз болмақ. Кез келген ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі мен рухани мәдениеті болары сөзсіз. Оны олар өздерінің ата баба салтымен қанға сіңген дәстүрі мен салттарын көздерінің қарашығындай сақтап, атадан балаға мұра ретінде өздерінен кейінгі ұрпақтарына аманат етіп мұра етері сөзсіз. Сол сияқты өткен ғасырымыздың ортасындағы грек ұлтының Қазақ жеріне қоныс аударуының нәтижесінде олардың сол оңтүстік өңірдің әлеуметтік және экономикалық, саяси-мәдени жағдайының өзгеріске ұшырағанын байқамасқа болмас. Қазақтардың өзге ұлт өкілдерін қарсы алудағы өзара іс-әрекеттерін, олардың күдіктері мен ойларын, сонымен қоса көрсеткен қонақжайлығы мен көмегі жайында да сөз болмақ. Қазіргі таңдағы біздің өлкеміздің көп ұлтты болып шоғырлануының себебін де осы өткен ғасыр оқиғаларымен өте тығыз байланысты екендігін аңғаруымызға әбден болады.    

Жарияланды:
2025-03-25