ТАҒАМДЫҚ МАЙ ҚАЛДЫҚТАРЫ ҚОСПАСЫНЫҢ РЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖОЛЫМЕН ҚОРШАҒАН ОРТАҒА АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕРІН ТӨМЕНДЕТУ
Анотація
Дайындау үрдісі мен сақтау шарттарына тәуелді қолданылған тағамдық май қалдықтары бос май қышқылдарының, ылғалдың, минералдардың, ішінара ацилглициридтердің, сонымен қатар көмірсутектердің, альдегидтердің, кетондардың, пероксидтердің, олигомерлердің, құрамында фосфор, күкірт және азот мазмұндайтын және т.б. қосылыстардан тұрады. Мұнан бөлек, қолданылған тағамдық майлардың негізгі бөлігі (95% дейін) тазартылған триацилглицердтерге сәйкес келгенімен, ондағы қоспалар май қалдықтарын азық-түлік немесе жемдік мақсаттарда қолдануға жарамсыз етіп қоймай, сонымен қатар кейінгі түрлендірулер үшін де күрделі мәселелі шикізатқа айналдырады. Осы аталған себептерге орай, қолданылған тағамдық май қалдықтарын ары қарай түрлендіруден бұрын оларды алдын ала өңдеуді талап етпейтін қажетке жарату әдісін жасау өзекті мәселе болып табылады. Қолданылған тағамдық май қалдықтарының тұрмыстық химиялық заттарды, санитарлық гигиеналық тазалық өнімдерін алуда қайталама шикізат ретінде қолданылу бойынша зерттеу нәтижелері ұсынылған. Сабынның шоғырына тәуелсіз 60-90°С температуралар аралығында псевдопластиналық қасиетті Ньютондық емес сұйықтықтар болып табылатын натрийлі сабын ерітіндісінің тұтқырлық модельі өңделді. Модельдік өңдеулер мицеллалардың геометриялық пішіні және өлшемімен, мицеллалардағы молекулалардың орналасу формаларымен және осы формалардың гексабұрышты және ламеллярлы құрылымдардың кристалдық торларында орналасуымен анықталатын сабынның фазалық құрамы мен құрылымын қарастыруға негізделген. Тұтқырлықты сипаттау үшін эмперикалық формулалар құрастырылды. Формулалардың дұрыстығы есептік және тәжірибелік мәліметтерді салыстыру жолымен тексерілді: орташа қате мәні салыстырмалы түрде 10%. Ұсынылған зерттеу нәтижелері тағамдық май қалдықтарын екіншілей шикізат ретінде қолданып, санитарлық гигиеналық сабын алу үрдісін жетілдіруде қолданбалы