CLIL ЖӘНЕ МЕДИА: МӘДЕНИ КОНТЕКСТ АРҚЫЛЫ ТІЛ ҮЙРЕНУДІ ЖЕТІЛДІРУ
Анотація
Аңдатпа. Бұл мақалада CLIL (Content and Language Integrated Learning) әдісіндегі цифрлық медианың рөлі зерттеліп, оның тілді меңгеру, мәдениетаралық білім алу және студенттердің белсенділігін арттыруға ықпалы қарастырылады. 11 ғылыми дереккөзді жүйелі түрде талдау негізінде медианың лексикалық қорды байытуға, тыңдалымды жақсартуға және дұрыс дыбыстауға тигізетін әсері айқындалды. Зерттеу нәтижелері аудиовизуалды материалдар тілдік және мәдени құзыреттілікті дамытатынын, бірақ мұғалімдерді даярлау, медиа ресурстардың қолжетімділігі және бағалау әдістеріне қатысты қиындықтар бар екенін көрсетеді. Бұл зерттеу цифрлық оқытудың әдістемелік нұсқауларын әзірлеу, мұғалімдерді даярлау және инновациялық білім беру үлгілерін енгізу қажеттігін баса көрсетеді. Жұмыс көптілді оқытудағы медиа технологияларының маңызын ашып, CLIL әдісінде цифрлық ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған ұсыныстар ұсынады.