АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ БОЛАШАҒЫ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АГРОТУРИЗМНІҢ ДАМУ ӘЛЕУЕТІ

  • Утарбаева А.Ш., Сатыбалдиева Г.К., Бөрібай Э.С., Есимова Д.Д., Октай К., Адбанова А.А. НАО "Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина"
Ключові слова: тұрақты дамуы; ауылдық аумақтар; экотуризм; агротуризм; Түркия; Қазақстан Республикасы; мемлекеттік бағдарламалар.

Анотація

Мақалада Қазақстан Республикасының ауылдық аймақтарының тұрақты дамуының көрсеткіштерінің бірі ретінде экологиялық және ауылшаруашылық туризмді дамытудың құқықтық және әлеуметтік-экономикалық аспектілері қарастырылған. Қазіргі уақытта экологиялық туризмді дамытуға мемлекет тарапынан да, азаматтардың өздері тарапынан да көбірек көңіл бөлінуде. Ауыл шаруашылығы және экотуризм туристік қызмет көрсетудің табысты дамып келе жатқан бағыттарына айналуда. Бұл мақалада Қазақстан Республикасының туризмді дамыту жөніндегі стратегиялық мемлекеттік бағдарламалары мен жобаларына шолу жасалып, оларды таяу жылдарда жүзеге асыру шаралары қарастырылып, эко және агротуризмді экономиканың табысты секторына айналдырудың маңыздылығы, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі. Ауылдық аумақтарды дамытудың басымдықты мәселелерін талдай отырып, авторлар жергілікті халықтың өмір сүру жағдайын әртараптандырудың, ауылдың өзекті мәселелерін шешудің жолдарын және ауылдық аумақтардың экономикалық өсу алғышарттарын табу қажеттілігін қарастырды.  Түркияның эко- және агротуризмді дамытудағы тәжірибесі зерттелді. Түркия қазіргі уақытта экологиялық және агротуризмді белсенді түрде дамытуда. Бұл салалар мемлекет пен жеке бизнес тарапынан қолдау алады.  Елімізде экологиялық және агротуризмді дамыту табиғатты, мәдени және рухани мұраны қорғаудың тиімді құралы және ауылдық аумақтардың тұрақты дамуының факторларының бірі болады.

Жарияланды:
2025-03-25
Бөлім
Экология