Ж 1950–1960 ЖЫЛДАР ОРТАСЫНДАҒЫ КОЛХОЗ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША Х.А. АРҒЫНБАЕВТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ДАЛАЛЫҚ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯЛАРДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

  • Аксункар Абдулина Институт истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова
Ключові слова: ветеринария; түйе шаруашылығы; мал шаруашылығы; жылқы шаруашылығы; қой өсіру, қозы өсіру; ұрықтандыру; жайылым; қой қырқу; малшы; шопан.

Анотація

Мақаланың мақсаты – қазақтың көрнекті этнографы Х.А. Арғынбаевтың 1950 жылдардың ортасы 1960 жылдардың басындағы Қазақ КСР ҒА Тарих, археология және антропология институтының этнография бөлімінің этнографиялық экспедицияларының құрамында жинақтаған мәнді де құнды этнографиялық материалдарын талдау. Ғалымның  Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңіріндегі жергілікті халықтың тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті, шаруашылығы туралы ертеректе жазылған материалдары  бүгінге дейін қолданылып келеді, атап айтар болсақ, Х. Арғынбаевтың таңдаулы еңбектерін басып шығаруға арналған гранттық жоба аясында қазақ тілінде жазылып және орыс тіліне аударылған алғашқы ғылыми мақалалары болды. Әдістеме саласында олар объективтілік, жүйелілік және т.б. жалпы ғылыми принциптерге де, арнайы проблемалық-хронологиялық, салыстырмалы-тарихи әдістерге де сүйенді, бұл этнографтың қазақ мал шаруашылығының дамуы, елдімекендер мен тұрғын үйлер жүйесі, дәстүрлі қолөнер, колхоз тұрғындарының шаруасы мен тұрмысын ұйымдастыру туралы дерек көздер ретінде еңбектерін талдауға мүмкіндік берді. Мақаланың кіріспе бөлімінде Мәскеу және Ленинград этнографтарымен тығыз байланыста ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызды бағыттарын анықтаған академиялық этнография бөлімінің далалық зерттеулерінің даму тарихы баяндалады. Зерттеу нәтижелері бакалавриат, магистратура және докторантураның негізгі мамандықтары бойынша дәрістер мен практикалық сабақтарды өткізу кезінде, элективті пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін құрастыру, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді жазу кезінде тарихшылар, этнологтар, оқытушылар тарапынан сұранысқа ие болады.

Жарияланды:
2025-06-25