КВАЛИМЕТРИКАЛЫҚ ӘДІС АРҚЫЛЫ ҚОРШАҒАН ОРТА АХУАЛЫ ӨЗГЕРІСТЕРІН ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ БАҚЫЛАУ

  • Абдуова А.А,Айтуган М.Е. Южно-казахстанский университет имени м.ауэзова
Ключові слова: Қоршаған орта,қала ортасын табиғиландыру, экоконструкциялар, өсімдіктер, экологиялық әлеует,квалиметрикалық әдіс.

Анотація

Аңдатпа.Бұл мақалада қала ортасын жақсарту бағыты ретіндегі қала құрылысын табиғиландырумен байланысты экологиялық конструкцияларды қолдану мәселелері қарастырылады. Қала құрылысының ауқымды алаңдарын табиғиландыру қала құрылысын дамытудың іс жүзіндегі ірі ауқымды бағытына айналды. Бұл бағыттың мақсаты қаланың тығыз орналасқан орталық аудандарын жасыл аймақпен, көгалдандырудың жалпы жүйесімен байланыстырудан тұрады.

Квалиметрикалық әдісті пайдалана отырып, қоршаған ортаға фитомодульдің сандық ықпал ету әдісі қарастырылды. Квалиметрикалық әдіс арқылы фитомодульдің типтік жиынтығына ие үй жанындағы аумақтар үшін жеке «қасиет ағашы» есептеліп жасалынды. Әдістің есептеу бөлімі көрсеткіштерді пайдалануға негізделеді: салмақ коэффициенті, фондық мән, өлшеу нәтижесі, фактор көрсеткіштері. Бұл көрсеткіштер өлшеу және сараптама жолымен анықталған. Фитомодульдің белсенді бөлігінің ықпал етуі нәтижесінде қоршаған орта ахуалын жақсарту, экологиялық әлеуеттің фондық қатынасымен сипатталады.

Кілт сөздер: Қоршаған орта,қала ортасын табиғиландыру, экоконструкциялар, өсімдіктер, экологиялық әлеует,квалиметрикалық әдіс.

Жарияланды:
2025-06-25
Бөлім
Экология