МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ҮСТІРТ АРҚАРЫНЫҢ (OVIS VIGNEI ARKAL) ТАРАЛУЫ МЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

  • Карагойшин Ж.М., Бекеева С.А., Утеулиева Д.Т., Акимжанов Д.Ш., Акоев М.Т. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Ключові слова: фауна; табиғи қаумал; популяция; уриал; муфлон; құлжа; саулық; қозықа; көкпек.

Анотація

Мақалада Маңғыстау облысында мекендейтін Үстірт арқарының таралуы мен саны және тіршілік ортасында жүргізілген экологиялық зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Үстірт арқары Қазақстанда тек Маңғыстау облысының аумағында, соның ішінде тау ойпаттарында, тау жоталарының тік беткейлерінде, аласа таулар мен тау бастарында мекендейді. Үстірт арқары немесе Маңғыстау облысындағы Үстірт уриалы Үстірттің шыңдарында; Маңғышлақ түбегінің, сондай-ақ таулы ландшафт сақталған Каспий теңізінің бірқатар жағалау учаскелерінде кең таралған. Жыл сайын Маңғыстау облысы аумағында мекендейтін Үстірт арқарының есебі алынып, мониторинг жүргізілді.

2022 жылғы зерттеулер бойынша тау жоталарында 3019 дарақ Үстірт арқары есепке алынса, 2021 жылмен салыстырғанда бұл жұптұяқтылардың саны 25,17% - ға өскендігін көрсетеді. Үстірт пен Маңғышлақта, оның ішінде Үстірт қорығының аумағында 607, «Қызылсай» өлкелік паркі аумағында және іргелес жатқан жерлерде – 1836, қалған аумақта 576 Үстірт арқары мекендейді. Үстірт арқары Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстан аумағында саны жыл сайын азайып бара жатырған 3 санаттағы сирек кездесетін түр ретінде 3 елдің де Қызыл кітабына енгізілген. Үстірт арқары санының жыл сайынғы өсуі, мекендейтін жерлерінде тиісті қорғауды ұйымдастырумен байланысты: тіршілік ету ортасының көп бөлігі республикалық, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіреді. Оларды қорғау мақсатында таралатын аумақтарын қорғауға алып кеңейту және экологиялық жағдайы бұзылған аймақтарды қайтадан қалпына келтіру шараларды жүргізу.

Жарияланды:
2025-03-25
Бөлім
Экология