ТАРИХИ ТҰЛҒАТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Анотація
XXI ғасыр - әлемдік деңгейде ғылымының кемеліне келген кезеңі. Себебі, жаңа технологиялардың қарыштап дамуы барысында жаңа тың технологиялар, мамандықтар пайда болып адамзат баласына қызмет етуде. Сонымен қатар, сан қырлы ғылым салалары өзара байланыста болып, жаңа тың зерттеулер дүниеге келді. Осыған байланысты тарих ғылымы басқа салаларымен етене байланыста болуы арқылы жаңа тың деректер көбеюде және теориялық-методологиялық әдістемелер жасалу үдерісінде. Осы бағытта, тарих ғылымының бір саласы болып табылатын тұлғатану бойынша жаңа ғылыми еңбектер дүниеге келді. Бұл бойынша авторлар Отан тарихындағы тұлғатанудың тарихи маңызын атап көрсеттті. Себебі, өмірдің әр сәті мен әр оқиғасы адамдардың қатысуымен болып, нәтижесінде ол кезеңдер тарихқа айналады. Мақалада, тұлғатану бойынша теоиялық-методологиялық талдаулар жүргізілді.
Мақалада тарих ғылымының бір саласы болып табылатын тұлғатану туралы қалам тербеген Отандық ғалымдардың еңбектері тарихи тұрғыда аталып өтіледі. Осыған орай, мақала жүйелелілік, объективтілік және тарихилық принциптер бойынша талдау жасалынды. Тұлға дегеніміз өз ойын нақты және толыққанды, жүйелі жеткізе алатын, озық терең ойымен, білімідлігімен ерекшеленетін адамдар болып табылады. Осы бойынша, мақалада Отан тарихындағы белгілі ғалымдардың еңбектеріндегі тұлға қғымы бойынша ғылыми-тұжырымдар берілді.