ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ "ЧИНАРЕВ" КЕН ОРНЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Анотація
Түйіндеме. Батыс Қазақстан облысы тарихи геологиялық даму ерекшеліктеріне байланысты мұнай және газ қорларына бай. Осы орайда, Батыс Қазақстан облысы, "Чинарев" кен орнының геологиялық құрылымын зерттеу жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Жұмысты орындау барысында зерттеудің негізгі принциптері мен әдістері, геологиялық барлау және бағалау жұмыстары кезінде алынған қолжетімді геологиялық құжаттар мен оларды жүйелі және құрылымдық талдау әдістері, сондай-ақ Батыс Қазақстанның геологиясы мен тау-кен өнеркәсібі бойынша ағымдағы ақпараттық және эмпирикалық база қолданылды. Мақалада "Чинарев" мұнай кен орнын игерудің геологиялық құрылымы мен қолданылатын технологиясының ерекшеліктері, оны игерудің қысқаша тарихы, жобалау және қазіргі даму жағдайы көрсетілген. Стратиграфиялық қима сипаттамасы және бұрғылау ұңғымаларының литологиялық қимасының сипаттамасы келтірілген.