ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАЛҒАН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ БАРЛАУ: ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗОНДТАУ МЕН МАШИНАМЕН ОҚЫТУДЫҢ СИНЕРГИЯСЫ

  • Орынбасарова Э.О., Алпысбай М.А., Ильясова А., Сыдык Н., Ержанкызы А.

Анотація

Мақалада пайдалы қазбаларды барлауда қашықтықтан зондтау және машиналық оқыту синергиясын қолдану перспективалары қарастырылады. Осы екі озық технологияның үйлесімі геологиялық зерттеулерге жаңа көкжиектер ашады, минералдануды тиімдірек және дәл анықтауға, литологиялық бірліктерді картаға түсіруге, құрылымдық ерекшеліктер мен өзгеру аймақтарын талдауға мүмкіндік береді. Жұмыста терең нейрондық желілер мен кластерлеу әдістерін қоса алғанда, машиналық оқытудың әртүрлі алгоритмдерін пайдалана отырып, қашықтықтан зондтау деректерін өңдеудің ағымдағы әдістеріне талдау жүргізіледі. Геологиялық барлауда арақашықтықтан зерделеу және машиналық оқыту синергиясын қолданудың жетістіктерін көрсететін практикалық мысалдарға ерекше назар аударылды. Болашақта пайдалы қазбаларды барлау процестерінің тиімділігі мен тұрақтылығын едәуір арттыруға мүмкіндік беретін осы саладағы әрі қарайғы зерттеулердің негізгі сын-қатерлері мен перспективалары талқыланады.

Жарияланды:
2025-06-25
Бөлім
География