СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АЛҚАБЫ ШӨЛДІ БӨЛІКТЕРІНДЕГІ POPULUS PRUINOSA SCHRENK ПОПУЛЯЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
Анотація
Аңдатпа. Мақалада Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына (2014) енгізілген Сырдария өзені алқабы шөлді бөліктерінде өсетін – Populus pruinosa Schrenk сирек түрінің екі популяциясының (бірінші популяция Қызылорда облысының «Каргалы» қорықшасының территориясында; екіншісі – Жаңақорған орманшылығында) қазіргі жағдайына салыстырмалы талдаудың нәтижелері келтірілген. Жекелеп айтқанда, осы популяциялардың өсу жағдайларының қысқаша мәліметі және вегетативті мүшелерінің биометриялық өлшемдері талданады (ағаш биіктігі, діңінің жуандығы, жапырақтарының ұзындығы мен ені және сап сағақтарының ұзындығы), және де осы түр популяциясының жастық құрамы беріледі. Зерттелген қарғалылық және жаңақорғандық - Populus pruinosa популяцияларының жапырақтарының – морфометриялық сипаттарының әртүрлілігін нақты өсу ортасының экологиялық жағдайына байланысты анықтауға болатыны көрсетілген. "Қарғалы" қорықшасында тораңғыл теректің өсу жағдайы қарғалы популяциясының ағаш жапырақтарының морфологиялық параметрлерінде ұзындығы мен енінің мәндері жаңақорғандық популяцияға қарағанда жоғары орташа болғаны неғұрлым қолайлы екенін білдіреді. Жаңақорған орманшылығының P. pruinosa популяциясы табиғатты қорғау шараларын қолдануды талап етеді.