ХАН БЕРКЕ ТУРАЛЫ БАТЫС ЕУРОПА ТАРИХНАМАСЫ
Анотація
Хан Берке (1257–1266) туралы Батыс Еуропа тарихнамасы оның билігін
Моңғол империясындағы саяси, әскери және діни өзгерістер аясында қарастырады.
Еуропалық дереккөздер, соның ішінде Вильгельм де Рубруктың саяхат жазбалары және
заманауи тарихшылардың еңбектері, Беркенің исламды қабылдауы, Хулагу ханмен
қақтығысы және ислам мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынастары
мәселелеріне ерекше назар аударады. XIX–XX ғасырлардағы тарихнамалық дәстүрлерде
Берке көбіне дәстүрлі моңғолдық болмыс пен исламдық ықпал арасындағы тепе-теңдікті
сақтаған прагматикалық билеуші ретінде сипатталады. Батыс зерттеушілері Тимоти Мэй,
Джордж Лейн және Мари Фаверо-Дюменжу сынды ғалымдардың қазіргі зерттеулері
оның билігін Жошы ұлысының трансформациясы және Алтын Орданың исламдануына
ықпалы тұрғысынан талдайды. Батыс тарихнамасында Берке мен Хулагу арасындағы
қарсыластық билік үшін ғана емес, исламданған және буддистік-қытайлық Шыңғыс
ұрпақтарының идеологиялық үстемдігі үшін күрес ретінде де түсіндіріледі.