МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ АЙНЫМАЛЫЛАР ЖӘНЕ АТМОСФЕРАЛЫҚ ЛАСТАҒЫШТАР, ЭМИССИЯЛАР АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС (ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА)

  • Севара Дарибаева «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
  • Карина Казбекова «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ключові слова: ауа ластағыштар, жел жылдамдығы, қалқыма бөлшектер, азот оксидтері, көміртек монооксиді, озон, корреляция, регрессиялық талдау, метеорологиялық айнымалылар, мониторинг

Анотація

Бұл жұмыста Қостанай қаласындағы метеорологиялық айнымалылар мен (температура, ылғалдылық, желдің жылдамдығы) мен атмосфералық ластаушы заттардың концентрациясы (NO₂, CO, O₃, SO₂, PM2.5) арасындағы байланыс зерттеледі. Корреляциялық және регрессиялық талдау арқылы ауа-райының ауаның ластану деңгейіне әсерін анықтайтын статистикалық тәуелділіктер анықталды. Температура озонмен (O₃) және азот оксидімен (NO) оң корреляцияланатыны анықталды, бұл олардың фотохимиялық реакцияларымен түсіндіріледі. Ылғалдылық CO және H₂S концентрациясының жоғарылауына ықпал етеді, бірақ NO және O3 кщнцентрацияларын төмендетеді. Желдің жылдамдығы ластаушы заттардың дисперсиясына әсер етеді: қатты желде NO₂ және NO концентрациясы жоғарылайды, бірақ SO₂ және O3 деңгейі төмендейді. Нәтижелер аймақтағы экологиялық жағдайды бағалауға көмектеседі және ауа сапасын жақсарту және ластануды бақылау стратегияларын әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Жарияланды:
2025-06-25
Бөлім
Экология