ӘОЖ 371.3(043.3) ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДАҒЫ CLIL РӨЛІ:БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ МЕН АҚПАРАТТЫ ТАЛДАУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ТӘЖІРИБЕЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ
Анотація
Бұл мақалада CLIL (Content and Language Integrated Learning) әдістемесінің оқушылардың сыни ойлауын дамытудағы рөлі талқыланады. CLIL тәсілі пәндерді шет тілінде оқыту арқылы оқушыларға жаңа білім мен тіл дағдыларын меңгертуге мүмкіндік береді. Мақалада оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыруда CLIL әдісінің маңызды рөлі көрсетіледі, сонымен қатар бұл әдістің белсенді оқыту мен ақпаратты талдау қабілетін дамытудағы тиімділігі зерттеледі. Оқушылардың сыни ойлауын дамытудағы қолданылатын әдістер мен тәжірибелердің оқушылардың бойында қалыптастыратын дағдылары туралы айтылады. Зерттеу нәтижесінде CLIL әдісін биология сабақтарында қолданылатын тапсырма түрлері, осы әдістердің оқушылардың сыни ойлау дағдысын жетілдірудегі маңызы келтірілген. Тәжірибелік мысалдар мен әдістемелік ұсыныстар арқылы CLIL тәсілінің оқушылардың аналитикалық және сындарлы ойлауын арттырудағы маңыздылығы дәлелденеді.