СУБСТРАТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТАБИҒИ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ӨСІП-ДАМУЫНА ӘСЕРІ

  • Кажымуратова Ж.С., Жұмақұлова Ә.А., Өтепбергенова А.А. university
Ключові слова: өсіп-даму, тамырлану процесі, жасанды жарықтандыру, табиғи жарық, органикалық және бейорганикалық субстраттар, ылғалдылық, температура, рн орта, биогумус және zion тыңайтқыштар, вегетативтік көбею.

Анотація

Жер бетіндегі тіршіліктің негізі өсімдіктер экожүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз ететін және биосферадағы биологиялық әртүрліліктің сақталуына тікелей ықпал ететін тіршілік иелері. Фотосинтез процесі арқылы өсімдіктер атмосфераны оттегімен байытып, жануарлар мен адамдар үшін қорек көзі болып табылады, сонымен қатар дәрілік шикізат, құрылыс материалдары, өнеркәсіптік ресурстар және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ететін маңызды элементтер. Өсімдіктер климаттық жағдайларды реттеп, топырақ эрозиясының алдын алады, ылғалдылықты сақтауға көмектеседі және тірі организмдер үшін өмір сүру ортасын қалыптастырып, биоалуантүрлілікті сақтау үшін шешуші мәнге ие. Өсімдіктердің көбеюі табиғи және жасанды жолдармен жүзеге асады. Тұқым арқылы көбею табиғатта кең таралса, вегетативтік көбею өсімдіктерді көбейтудің жылдам әрі тиімді жолы ретінде бағаланады. Вегетативтік көбею әдістері ішінде қалемшелеу – кеңінен қолданылатын тәсілдердің бірі. Қалемшелеу әдісі арқылы өсімдіктердің жаңа өсінділері аналық өсімдіктің қасиеттерін толықтай сақтай отырып, қысқа мерзімде көбейеді. Қалемшелердің жақсы тамырлануы көптеген факторларға байланысты, соның ішінде өсімдіктің физиологиялық ерекшеліктері, жарық мөлшері, ылғалдылық деңгейі, температура режимі және қолданылатын субстрат түрлері шешуші рөл атқарады. Субстраттың құрамы мен құрылымы өсімдіктің тамыр түзу қабілетіне айтарлықтай әсер етеді, себебі қоректік заттар мен ылғалдың жеткілікті мөлшерде болуы өсімдіктердің тамыр жүйесінің дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді. Қалемшелеу кезінде табиғи және жасанды жарықтың әсерін зерттеу өсімдіктердің тамырлану процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Жасанды жарық жағдайында өсімдіктердің жарық спектрі мен жарықтың қарқындылығы маңызды рөл атқарады, себебі жарық энергиясы фотосинтез процесінің негізгі қозғаушы күші. Көптеген мәдени өсімдіктерді вегетативтік жолмен көбейту олардың тез бейімделуіне және қоршаған орта жағдайларына төзімді болуына ықпал етеді. Сонымен қатар, табиғи ресурстарды сақтау және қалпына келтіру үшін өсімдіктердің вегетативтік көбею әдістерін тиімді пайдалану экологиялық тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.

Жарияланды:
2025-06-25
Бөлім
Экология