ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚАР КӨШКІНІ ҚАУПІ БАР АЙМАҚТАРДЫ АНЫҚТАУ ҮШІН ЖЕРДІҢ САНДЫҚ МОДЕЛІН ҚОЛДАНУ
Анотація
Қар көшкінін қалыптастырудың негізгі факторларының бірі жер бедері болып табылады. Қар көшкіні аймағын зерттеу - көшкін қаупін бағалаудың алғашқы қадамы. Қар жамылғысының тұрақтылығына және көшкіндердің пайда болуына әсер етуде геоморфологиялық факторлар шешуші рөл атқарады. Биіктік, еңіс, экспозиция және жер бедерінің тегіс еместігі сияқты бірнеше негізгі рельеф ерекшеліктерінің өзара әрекеттесуі көшкіндердің ең ықтимал болатын жағдайларын анықтайды.
Рельефтің әртүрлі элементтері қардың жиналуына ықпал етеді, оның еруіне жағдай жасайды және жиі болуы мүмкін көшкіндердің масштабын анықтайды. Жер бедері көшкін қаупі бар аймақтарды анықтаудағы негізгі геоморфологиялық фактор және көшкін қаупін бақылау жүйелерін орналастыру үшін басым тау беткейлерін таңдау әдістемесін әзірлеу мүмкіндігі болып табылады.
Бұл мақалада ең тиімді және сенімді заманауи әдістерді қолдана отырып, көшкін қаупі бар аймақтарды анықтаудың Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) заманауи әдістері қарастырылады.
Зерттеу нәтижелеріне еңістердің геоморфометриялық талдауын жүргізу, қар жамылғысының пайда болу және құлау уақытын анықтау, көшкін қаупін бақылау жүйелерін орналастырудың басым бағыттарын анықтау кіреді. Бұл нәтижелер мониторинг жүйелерін орналастыруды оңтайландыруға және көшкін қаупі туралы болжамдардың дәлдігін жақсартуға көмектеседі.