СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРЫНДА ЭКОТУРИЗМДІ ДАМЫТУ: КАНАДА ТӘЖІРИБЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ

  • Бөрібай Э.С., Тусупова Б.Х., Қырғызбай Қ.Т. Narxoz University
Ключові слова: Кілт сөздер: экотуризм, Канада, әртараптандыру, аумақтың тұрақты дамуы, агротуризм, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, Имантау-Шалқар курорттық аймағы.

Анотація

Андатпа. Мақала туризмді дамыту бойынша Канада тәжірибесіне баса назар аудара отырып, Солтүстік Қазақстан облысының Көкшетау мемлекеттік ұлттық паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарындағы (Имантау-Шалқар курорттық аймағы)  экотуризмді дамытуды зерттеуге арналған. Жаһандық экологиялық мәселелер мен тұрақты туризмге қызығушылықтың артуы жағдайында экотуризм табиғи мұраны сақтаудың және жергілікті қауымдастықтарды қолдаудың маңызды құралына айналуда. Мақалада экотуризм тек қоршаған ортаны қорғауға ғана емес, сонымен қатар экономикалық және әлеуметтік дамуға да үлес қосатын Канада аймақтарының табысты тәжірибесіне талдау жасалған. Табиғи ресурстарды басқару, жергілікті қауымдастықты тарту және туристер үшін инфрақұрылым құру сияқты негізгі аспектілер қарастырылады. Сондай-ақ, Канада тәжірибесін Солтүстік Қазақстан облысының жағдайына бейімдеу мүмкіндіктері, соның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы биоәртүрлілікті сақтауға және жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ете алатын экотуризмді дамытудың әлеуетті бағыттары талқыланған. Мақалада аймақтағы экотуризмді дамыту стратегиясына экологиялық, экономикалық және әлеуметтік факторларды біріктірудің маңыздылығы көрсетілген.

Жарияланды:
2025-06-25
Бөлім
Экология