ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕ ESP САБАҚТАРЫНДА СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
Анотація
Аңдатпа. Сөйлесу дағдыларын меңгеру қазіргі әлемде жаһандану дәуіріне бет алған мектеп оқушылары үшін маңызды. Алайда, мектеп оқушыларының сөйлесу дағдылары әлі де жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан бұл зерттеу бірнеше сұрақтарға жауап беруді мақсат етті: мектеп оқушылары үшін ESP (English for Specific Purposes) сабақтарында сөйлесу дағдыларын дамытуға арналған инновациялық тәсілдердің жетіспеушілігі; мектеп оқушыларының ESP сабақтарында қандай цифрлық технологияларды қолдану қажеттілігі; цифрлық технологияларды ESP сабақтарына енгізудің тиімділігі. Ағылшын тілі мұғалімдерінен ESP сабақтарында цифрлық құралдарды қолдану туралы сұрақтар қойылып, жоғарғы сынып таңдалды. Зерттеу жүргізу барысында оқушылар ESP сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану арқылы сөйлесу дағдыларын арттыру туралы өз пікірлерін білдірді, ал мұғалімдер цифрлық құралдарды қолданудың тиімділігі туралы сұрақтарға жауап берді. Интервьюлер жүргізіліп, оқушылардың сөйлесу дағдыларын дамытуға арналған қажеттіліктері мен қызығушылықтарын анықтау үшін сауалнамалар берілді. Зерттеу нәтижелері бойынша интервью нәтижелеріне негізделген зерттеу тиімді деп , ал сауалнама нәтижелері бойынша өте жақсы деп бағаланды.