БҚО СОЛЯНКА ӨЗЕНІНДЕГІ СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ КӘСІПТІ БАЛЫҚТАРЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

  • Мурат Какишев НАО Западно-Казахстанский университетимени М.Утемисова
Ключові слова: Батыс Қазақстан облысы (БҚО), Солянка өзеніндегі су қоймасы, балықтың сандық және салмақтық арақатынасы, Фултон бойынша балықтың семіздігі, жалпы рұқсат етілген аулау.

Анотація

Мақалада алдағы уақытта 2021-22 жылдарға жалпы рұқсат етілген аулауды анықтау мақсатында Батыс Қазақстан облысының Солянка өзеніндегі су қоймасының 2020 жылға арналған әртүрлі аулау құралдарында ауланған балықтардың сандық және салмақтық қатынасы сипатталған.

Солянка өзеніндегі су қоймасынан ауланған балықтардың жалпы санының зерттеу аулауларында мынадай негізгі балық түрлері пайыздық қатынаста көрсетілген: табан – 7,7%, мөңке – 23,1%, торта – 38,4%, қызылқанат пен алабұға –15,4 %.Өзендегі су қоймасының жалпы рұқсат етілген аулауларын есептеу кезінде. Солянкаөзеніндегі су қоймасының балықтардың биологиялық көрсеткіштерін зерттеуде келесі жағдайлар ескерілді: кәсіптік деңгейге жеткен жыныстық жетілген балықтардың болуы, популяцияда аналықтардың міндетті түрде болуы, популяцияның көбеюінің болуының негізгі дәлелі ретінде. Жалпы, су қоймасында тіршілік ететін балық түрлердің популяцияларының жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауға болады.

Жарияланды:
2022-12-25
Бөлім
Экология