Сирек металдың тазалығын жоғарылату үшін тиімді жағдайларды анықтау

  • Енлик Усипбекова al-Farabi Kazakh National university
Ключові слова: таллий, фонды электролиттер, катодты тұну, анодты еру, концентрация, рН.

Анотація

Жұмыста таллийдің тазалығын жоғарылату мақсатында  электрохимиялық зерттеулер металдың сульфатты, нитратты, ацетатты фонды электролиттер қатысында жүргізілді.  Зерттеу нәтижелері тұнған таллийдің (-0,85В) нитратты электролит ерітіндісінде еруінің жоғары болуын көрсетті. Өндірісте таллиймен бірге бөгде қоспа ретінде қорғасын мөлшері көп болатындықтан, ал сульфатты электролитті пайдалана отырып қорғасынды тұнбаға түсіру мақсатында сульфатты электиролит те қосымша қолданылынды.  Сонымен қатар, таллийдің катодты тұну және анодты еру процесіне таллий электролиттерінің концентрация, температура, рН, араластыру әсерлері қарастырылды. Таллийді таза күйінде алу үшін тиімді рН  мәні (3,5 және 11), айналу жылдамдық мәні w=500 айн/мин болып табылады.  Зерттеу нәтижесінде таллийдің тазалығын жоғарылатудың тиімді параметрлері анықталынды. Таллийдің электрохимиялық қасиеті бойынша шыныкөміртек электродында сульфатты, нитратты, ацетатты электролиттерде алынған нәтижелер таллийдің тотықсыздану және тотығу процестері диффузиялық режимде өтетіні анықталынды.

Жарияланды:
2023-03-25
Бөлім
Экология