АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ФИТОТОПОНИМДЕР ЛАНДШАФТ ДЕГРАДАЦИЯСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ РЕТІНДЕ

  • Акжунус Абдуллина Актюбинский региональный университет имени К.Жубанова
Ключові слова: фитотопонимдер; ландшафттық индикация; ландшафт өзгерісі; сирек кездесетін өсімдіктер; Ақтөбе облысы.

Анотація

Мақалада Ақтөбе облысының өсімдіктер дүниесінің таралу зонасы,  олардың топоним жасаудағы белсенділігі, сирек кездесетін өсімдіктер дүниесіне байланысты аталған топонимдердің ландшафт өзгерісін анықтауда және қалпына келтіруде пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды. Ақтөбе облысы аумағында топоним жасау белсенділігі жоғары өсімдік түрлері мен шаған, тораңғы, қарағай, арша, қызылқайың өсімдіктері сияқты сирек кездесетін түрлерімен байланысты атаулар кесте жүзінде көрсетілді. Ши, қамыс, көкпек өсімдіктерімен байланысты фитотопонимдердің ландшафттық индикацияда пайдалану ерекшеліктері қарастырылды.

Опубліковано
2022-12-25
Бөлім
География