KAZAKH LYRICS AND LITERARY CRITICISM

  • Зинулла Мутиев Западно-Казахстанский университет им.М.Утемисова
Ключові слова: қазақ лирикасы, әдеби сын, жанр ерекшеліктері, лирика тарихы, поэзия табиғаты, ақындық белес, даму бағдары, сыни көзқарас, әдебиеттанушы, ғалым-сыншы

Анотація

Бұл мақалада қазақ лирикасының әдеби сында зерттелуінің жай-күйі қарастырылады. Ұлттық лириканың жанр ретінде қалыптасуы мен дамуындағы  әдеби сынның маңыздылығы сөз етіледі.  Қазақ əдеби сынының өзекті мəселелері,  көркемдік даму үдерісі ақындар шығармашылығын зерттеумен байланыста алынып қарастырылады, сын жанрының қызметі талданады. Əдеби сынның лириканы зерттеудегі ізденістеріне назар аударылады. Ғалым-сыншылардың қазақ лирикасының табиғатын зерттеудегі ерекшеліктеріне шолу жасалады. Сонымен бірге мақалада қазақ лирикасын зерттеуші сыншы ғалымдардың  аталған жанрға эстетикалық көзқарасы, пайым-тұжырымдары сарапталған. Авторлар ұлт лирикасы дамуынының өткен жолдарына назар аудара отырып, сын мен лириканың арақатынасын, өзара сабақтас тұстарын атап көрсетеді. Қазақ әдебиеттану ғылымында ұлт лирикасының даму тарихын ғалым-сыншылар қай тұрғыдан зерттеді, қандай тұстарына назар аударды, басты жетістігі неде деген мәселелерге авторлар басты назар аударады.

Опубліковано
2022-12-25
Бөлім
Филология