БІЛІМ БЕРУДЕ САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚОЛДАНУ

  • Нурбану Байтерекова МКТУ им Х.А.Ясави

Аннотация

Бұл мақалада білім берудегі сандық технологиялар мен онлайн
қызметтердің ерекшеліктері, әдістері, білім беру үдерісіне қосатын үлесі қарастырылған.
Бұл қашықтан оқыту кезінде білім берудің түрлі мақсаттары үшін оқу материалын
қалыптастыруға мүмкіндік беруі тиіс. Білім берудегі инновация екенін негіздей келе, оларды
қолдану әдістеріне шолу жасай отырып, қашықтан оқытуда қолдану тиімділіктері
негізделді. Сапалы білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде
сандық сауаттылығы бар, себебі олар күнделікті өмірде жаңа технологиялардың барлық
мүмкіндіктерін пайдалануда.
Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым
комитеті қаржыландырды (№AP09259047 - “Мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін
қалыптастыру - адами капиталды дамыту кілті”). Оқу үдерісін ұйымдастыру үшін барлық
оқытушылар мен студенттерге электронды платформаларға қол жетімділік беріледі. Құрал
ретінде бейне сабақтар, дербес және онлайн жұмыс, онлайн курстар және т.б. қолданылады
(А.Қ.Аймағанбетов. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрі).

Опубликован
2021-09-25
Раздел
Педагогика