Редакциялық этика
М.Өтемісов атындағы БҚМУ Ғылыми кеңесінің 12.07.2019 ж.
кезектен тыс отырысының шешімімен бекітілді, №10 хаттама
«БҚМУ ХАБАРШЫСЫ» ғылыми журналының
РЕДАКЦИЯЛЫҚ ЭТИКАсы
«БҚМУ Хабаршысы» ғылыми журналының редакциялық алқасы (бұдан әрі – Журнал) ғылыми беделді қолдау міндетіне жауапкершілікпен қарайды. Журнал ғылыми жұмыстарды жариялайды және олардың ең жоғары стандарттарға сәйкестігі үшін жауап береді. Журналдың редакциялық алқасы халықаралық ғылыми қоғамдастық қабылдаған этикалық нормаларды сақтау үшін және осы нормалардың кез келген бұзылуын болдырмау үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды.
Осы құжат жетекші халықаралық Баспалар мен журналдардың Редакциялық алқаларының тәжірибесін ескере отырып, Ғылыми жарияланымдардың әдебі жөніндегі комитеттің (Committee of Publication Ethics) ұсыныстарына сәйкес жасалған.
1. БАС РЕДАКТОР МЕН РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА МҮШЕЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
1.1. Жариялау туралы шешім
1.1.1. Журналдың бас редакторы (бұдан әрі – Редактор) жеке өзі және жариялау туралы шешімнің қабылдануына тәуелсіз жауапты болады. Қаралып отырған жұмыстың шынайылығы және оның ғылыми маңыздылығы жарияланым туралы шешімнің негізінде әрдайым жатуы тиіс. Редактор жала жабу, авторлық құқық, заңдылық және плагиатқа қатысты өзекті заң талаптары негізінде шектеулі бола отырып, журналдың редакциялық алқасының саясатын басшылыққа алады. Редактор жариялау туралы шешім қабылдау кезінде редакциялық алқаның басқа мүшелерімен және Рецензенттермен кеңесуі мүмкін.
1.2. Алаламаушылық
1.2.1. Редакциялық алқа қолжазбалардың зияткерлік мазмұнын нәсіліне, жынысына, жыныстық бағдарына, діни көзқарастарына, шығу тегіне, азаматтығына немесе Авторлардың саяси көзқарастарына қарамастан бағалауы тиіс.
1.3. Құпиялылық
1.3.1. Редактор және редакциялық алқаның басқа да мүшелері қабылданған қолжазба туралы қандай да бір ақпаратты үшінші тұлғаларға ашпауы тиіс. Қажет болған жағдайда, қабылданған қолжазба туралы ақпаратты тек Авторларға, Рецензенттерге, ықтимал Рецензенттерге, Редакциялық алқаның басқа да Кеңесшілері мен Баспагерге ашуға рұқсат етіледі.
1.4. Ақпаратты ашу саясаты және мүдделер қақтығысы
1.4.1. Қарауға ұсынылған қолжазбалардан алынған жарияланбаған деректер Автордың жазбаша келісімінсіз Редакциялық алқа мүшелерінің жұмыстарында пайдаланылмауы тиіс. Қолжазбаларды рецензиялау кезінде алынған ақпарат және / немесе идеялар құпия түрде сақталуы тиіс және оларды қолжазбаларға қол жеткізген тұлғалардың өз мүддесіне пайдалануына болмайды.
1.4.2. Редакциялық алқа мүшелері кез келген Автормен, компаниялармен және қолжазбаға қатысы болуы мүмкін (немесе байланысты) басқа да ұйымдармен бәсекелестік, бірлескен жұмыстар немесе өзге де өзара қарым-қатынас пен байланыс түрінде көрінетін мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда, қолжазбаны қарастырудан бас тартуы (атап айтқанда, Редакторға, Редактордың орынбасарына немесе Редакциялық алқаның өзге де мүшелеріне өздері үшін қолжазбаны қарастыру туралы өтінуден бас тартуы) тиіс.
1.5. Жарияланымдарды бақылау
1.5.1. Жарияланымға ұсынылған тұжырымдар немесе қорытындылардың қате екендігіне сенімді дәлел ұсынған Редакциялық алқа мүшесі өзгерістер енгізу, жарияланымды алып тастау, алаңдаушылық білдіру және басқа да тиісті өтініштер жағдаяты туралы тез арада хабарлау мақсатында Редакторға (және/немесе журналдың Редакциялық алқасына) бұл туралы хабарлауға тиіс.
1.6. Зерттеулер ауқымындағы ынтымақтастық
1.6.1. Журналдың редакциялық алқасы қаралған қолжазбаларға немесе жарияланған материалдарға қатысты этикалық шағымдар туындаған жағдайда тиісті жауап шараларын қабылдайды. Мұндай шаралар құрамына, жалпы алғанда, қолжазба немесе жарияланған мақала Авторларымен өзара іс-қимыл және тиісті шағым немесе талаптың дәлелдемелері кіреді, сонымен қатар оған тиісті ұйымдармен және зерттеу орталықтарымен өзара іс-қимылдар да енуі мүмкін.
2. РЕЦЕНЗЕНТТЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ
2.1. Редакциялық алқаның шешіміне ықпал ету
2.1.1. Рецензиялау журналдың Редакциялық алқасына жариялау туралы шешім қабылдауға көмектеседі және авторлармен тиісті өзара іс-қимыл арқылы Авторға жұмыс сапасын арттыруға көмектесе алады. Рецензиялау ғылыми көзқарастың өзегін құрайтын ресми ғылыми коммуникациялардағы қажетті буын болып табылады. Журналдың Редакциялық алқасы басылымға үлес қосқысы келетін барлық ғалымдар қолжазбаға пікір жазу бойынша елеулі жұмысты орындауға міндетті деген көзқарасты ұстанады.
2.2. Орындаушылық
2.2.1. Қолжазбаны қарау үшін біліктілігінің жеткіліксіздігін байқаған немесе жұмысты тез орындау үшін қажетті уақыт жеткіліксіздігін сезінген кез келген Рецензент Редакциялық алқаға хабарлай отырып, өзін тиісті қолжазбаны рецензиялау процесінен алып тастауды сұрауы тиіс.
2.3. Құпиялылық
2.3.1. Рецензиялау үшін алынған кез келген қолжазба құпия құжат ретінде қарастырылуы тиіс. Бұл жұмысты Редакциялық алқадан алған өкілеттілігі жоқ кез келген тұлғаға жариялауға және талқылауға болмайды.
2.4. Қолжазбаға қойылатын талаптар және объективтілік
2.4.1. Рецензент объективті баға беруге міндетті. Автордың жеке сыны орынсыз болып табылады. Рецензенттер өз пікірін анық және дәлелді түрде білдіруі тиіс.
2.5. Бастапқы көздерді тану
2.5.1. Рецензенттер авторлардың назарын рецензияланатын қолжазба тақырыбына сәйкес келетін және библиографиялық тізімде көрсетілмеген басқа зерттеушілердің маңызды жұмыстарына аудару керек. Бұрын жарияланған материалдардан алынып, қолжазбада қолданылған кез келген тұжырым (бақылау, қорытынды немесе дәлел) тиісті библиографиялық сілтемемен сүйемелденуі тиіс. Рецензент сондай-ақ Редакциялық алқаның назарын қарастырылатын қолжазба мен Рецензентке белгілі басқа да кез келген жарияланған жұмыстың кез келген маңызды ұқсастығын немесе сәйкес келуін анықтағандығына аударуы тиіс.
2.6. Ақпаратты жариялау саясаты және мүдделер қақтығысы
2.6.1. Қарауға ұсынылған қолжазбалардан алынған жарияланбаған деректер Автордың жазбаша келісімінсіз рецензенттің жеке мүддесі үшін пайдаланылмауы тиіс. Қолжазбаларды рецензиялау кезінде алынған ақпарат пен идеялардың құпиялылығы сақталуы тиіс. Бұл ақпарат пен идеялар Рецензенттің жеке мүддесі үшін пайдаланыла алмайды.
2.6.2. Ұсынылған жұмысқа байланысты кез келген автормен, компаниямен немесе басқа ұйымдармен бәсекелестік, бірлескен және басқа да өзара іс-қимыл және қарым-қатынас салдарынан мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда, Рецензенттер қолжазбаларды қарауға қатыспауы тиіс.
3. Авторлардың міндеттері
3.1. Қолжазбаларға қойылатын талаптар
3.1.1. Ғылыми мақала түпнұсқалық зерттеулердің нәтижелерін қамтуы тиіс. Авторлар орындалған жұмыстың нақты сипаттамасын және оның маңыздылығының объективті дәлелдерін ұсынуы тиіс. Зерттеу нәтижелерін растайтын деректер мақалада барынша дәл келтірілуі тиіс. Жұмыста сипатталған нәтижелерді ықтимал шығаруға арналған жеткілікті толық ақпарат пен библиографиялық сілтемелер болуы тиіс. Жалған және көрінеу қате пікірлер этикаға жатпайтын мінез-құлық деп қарастырылады және қабылданбайды.
3.2. Деректерге кіру және оларды сақтау
3.2.1. Редакциялық рецензия жүргізу үшін авторлардан қолжазбаға қатысы бар аралық (өңделмеген) деректер сұралуы мүмкін. Авторлар ALPSP-STM Statementon Data and Databases-ке сәйкес осындай ақпаратқа еркін рұқсат беруге дайын болуы тиіс, егер бұл мүмкін болған жағдайда. Қалай болғанда да, Авторлар мұндай деректерді жариялағаннан кейін белгілі уақыт ішінде сақтауға дайын болуы тиіс.
3.3. Түпнұсқа және плагиат
3.3.1. Авторлар тек бірегей жұмыстарды ғана ұсынуға тиіс. Өзге авторлар жұмыстары немесе тұжырымбары пайдаланылған жағдайда, мұндай жұмыстар немесе тұжырымбар тиісті түрде дәйектелуі немесе белгіленуі тиіс.
3.3.2. Плагиат көптеген формада болуы мүмкін: өзгенің жұмысын өзінің авторлық жұмысы ретінде ұсыну, басқаның жұмыстарының маңызды бөліктерін көшіру немесе мағынасын басқа сөйлемдермен беру (шынайы авторды көрсетпей) және басқаның зерттеулерінің нәтижелерін иемдену. Кез келген түрдегі Плагиат - бұл этикадан тыс әрекет.
3.4. Жарияланымдардың көп болуы, шамадан артық болуы және бір мезгілде болуы
3.4.1. Жалпы жағдайда Автор бір ғана зерттеуге арналған қолжазбаларды түпнұсқалық басылым ретінде бір журналда жарияламауы тиіс. Бір қолжазбаны бір мезгілде бір журналдан артық ұсыну этикадан тыс әрекет ретінде қабылданады.
3.4.2. Жалпы жағдайда Автор бұрын жарияланған мақаланы басқа журналға қарауға ұсынбауы тиіс..
3.4.3. Мақалалардың белгілі бір түрін (мысалы, экологиялық ұсынымдарды, аударма баптарын) кейбір жағдайларда белгілі бір шарттарды сақтай отырып бір журналда жариялау этикаға жататын әрекет болып табылады. Мүдделі журналдардың Авторлары мен Редакторлары бастапқы жарияланған жұмыстардағы деректер мен интерпретацияларды міндетті түрде ұсынатын екінші басылымға келісілуі тиіс. Алғашқы жұмыстың библиографиясы екінші жарияланымда да ұсынылуы тиіс. Қосымша (қайталанған) жарияланымдардың рұқсат етілген нысандары туралы толық ақпаратты www.icmje.org парақшасынан табуға болады.
3.5. Бастапқы көздерді тану
3.5.1. Басқа адамдардың үлесін әрдайым мойындау қажет. Авторлар ұсынылған жұмысты орындау үшін маңызы бар жарияланымдарға сілтеме жасауы тиіс. Жеке, мысалы, әңгіме, хат алмасу барысында немесе үшінші тараптармен талқылау барысында алынған деректер ақпараттың бастапқы көзінің анық жазбаша рұқсатынсыз пайдаланылмауы немесе ұсынылмауы тиіс. Қолжазбаларды бағалау немесе гранттар беру сияқты құпия көздерден алынған ақпарат құпия көздерге қатысы бар жұмыс Авторларының нақты жазбаша рұқсатынсыз пайдаланылмауы тиіс.
3.6. Жарияланым авторлығы
3.6.1. Ұсынылған зерттеуді әзірлеу, орындау немесе оған түсінік беруге, жұмыстың мақсатын қалыптастыруға елеулі үлес қосқан тұлғалар ғана жарияланым авторлары бола алады. Одан өзге үлес қосқан адамдардың барлығы Қосымша авторлар ретінде белгіленуі тиіс. Зерттеуге қатысушылар зерттеу жобасында белгілі бір бағыт бойынша елеулі үлес қосқан жағдайда, олар осы зерттеуге елеулі үлес қосқан тұлға ретінде көрсетілуі тиіс.
3.6.2. Редакциямен хат-хабар алмасуға жауапты Автор зерттеуге елеулі үлес қосқан барлық қатысушылар Қосымша автор ретінде ұсынылғанына және зерттеуге қатыспағандардың қосымша авторлар ретінде келтірілмегеніне, сондай-ақ барлық қосымша авторлардың қолжазбаның соңғы нұсқасын көріп, мақұлдағанына және оны жариялауға ұсынуға өз келісімдерін бергеніне көз жеткізуі тиіс.
3.7. Тәуекелдер, сондай-ақ зерттеу объектілері болып табылатын адамдар мен жануарлар
3.7.1. Егер жұмыс химиялық өнімдерді, үрдістерді немесе жабдықтарды пайдалануды көздеп, соның негізінде қандай да бір ерекше тәуекел туындауы мүмкін болса, бұл жағдайда Автор бұл туралы қолжазбада нақты көрсетуі тиіс.
3.7.2. Егер жұмысқа жануарлардың немесе адамдардың зерттеу объектілері ретінде қатысуы көзделсе, авторлар қолжазбада зерттеудің барлық кезеңдері зерттеу ұйымдарының заңдары мен нормативтік құжаттарына сәйкес келетінін, сондай-ақ тиісті комитеттер тарапынан мақұлданғанына көз жеткізуі тиіс. Қолжазбада зерттеу объектілері ретінде тартылған барлық адамдардан осы зерттеуді жүргізуге келісім алынғаны анық көрсетілуі тиіс. Жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығының сақталуын әрдайым қадағалау қажет.
3.8. Ақпаратты жариялау саясаты және мүдделер қақтығысы
3.8.1. Барлық Авторлар өз қолжазбаларында жұмыста ұсынылған нәтижелерге немесе қорытындыларға әсер еткен қақтығыстар ретінде қабылдануы мүмкін қаржылық немесе басқа да мүдделер қақтығысын ашып көрсетуге міндетті.
3.8.2. Міндетті түрде ашып көрсетуге жататын орын алуы мүмкін мүдделер қақтығыстарының мысалдары жалдау жұмысын, кеңес беруді, акционерлік меншіктің болуын, қаламақы алуды, сараптамалық қорытындылар, патенттік өтінімдер беруді немесе патенттерді тіркеуді, гранттарды және басқа да қаржылық қамтамасыз етуді қамтиды.
3.9. Существенные ошибки в опубликованных работах
3.9.1. Жарияланымда елеулі қателер немесе нақты емес деректер бар екенін анықтаған жағдайда, Автор бұл туралы журналдың Редакциялық алқасына хабарлап, басылымды тез арада алып тастау немесе қателерді түзету мақсатында Редакциялық алқамен өзара іс-қимыл жасауы тиіс. Егер журналдың редакциялық алқасы жарияланымда елеулі қателіктер бар екені туралы мәліметтерді үшінші тараптан алса, Автор жұмысты кейін қайтарып алуға немесе мейлінше қысқа мерзімде қателерді түзетуге міндетті.
4. БАСПАГЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ
4.1. Баспагер осы талаптарға сәйкес Редактордың, Редакциялық алқа мүшелерінің, Рецензенттердің және Авторлардың этикалық міндеттерді орындауына ықпал ететін қағидаттар мен үрдістерді сақтауы тиіс. Баспагер жарнама орналастырудан немесе репринттер шығарудан түсетін болашақ пайданың Редакциялық алқа шешіміне әсер етпейтіндігіне сенімді болуы тиіс.
4.2. Баспагер журналдың Редакциялық алқасына жарияланатын материалдардың этикалық аспектілеріне қатысты талаптарды қарастыруда қолдау көрсетуі және Редакциялық алқаның басқа журналдармен және/немесе баспагерлермен өз міндеттерін орындауына ықпал ететін іс-қимыл жасауына көмектесуі тиіс.
4.3. Баспагер зерттеу жүргізудің тиісті тәжірибесіне қолдау көрсетуі және этикалық ұсынымдарды дамыту, қателерді жою және түзету рәсімдерін жетілдіру мақсатында салалық стандарттарды енгізуі тиіс.
4.4. Баспагер қажет болған жағдайда тиісті мамандандырылған заңдық қолдауды (қорытынды немесе кеңес беруді) қамтамасыз етуі тиіс.