1920-1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЗАҢ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

  • Samal Sagnaikyzy ALMA University

Аннотация

Андатпа. Әр халықтың өз мемлекетінің құрылымына, ұлттық ерекшелік сипатына, психологиясы мен әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне негізделіп құрылған заң ұйымдары мен Заңы болады. Кеңестік төңкерістен кейін Қазақстанда кеңестер билігі құрылып, қазақ халқының заң нормаларынан бөлек кеңестік заң жазылып, кеңестік заң ұйымдарының құрылымы жасалып, заң қызметкерлерінің іріктелуіне ерекше мән берілді.

Қазіргі уақытта Голощекин және оның төңірегіндегілердің 1920-1930 жылдары билік пұрсатын теріс пайдаланғандығы туралы көп жазылып жатыр. Бірақ, қателіктер мен билік пұрсатын бұрмалау кеңестік билік жүйесі негізінде орын алғандығы туралы мәселе тарихшылардың назарынан тыс қалып келеді. Кеңестік әкімшіл биліктің басқару органы, Кеңестік Халық Юстиция комиссариаты, мемлекеттік билікті жүзеге асырушы сот ұйымдары мен мемлекеттік прокуратура ұйымының аз уақыт ішінде әкімшіл-әміршіл жүйеге бейімделіп, партия саясатын жүзеге асыру барысындағы қызметтерінің халыққа қарсы қасіретке айналғанына тарих куә. Бұл мәселені біз мақала барысында прокурорлық бақылаудың кеңестік әкімшіләміршіл жүйенің құрамдас бөлігіне айналу процессі негізінде түсіндіруге тырыстық.

Опубликован
2022-06-25
Раздел
История