ОСОБЕННОСТИ КУЛЬТУРНОГО РАЗВИТИЯ В ПЕРИОД ПРАВЛЕНИЯ ОМЕЙЯДОВ

  • Нурманова А.К., Жаулин К.М., Китигулов С.Б. Есенов Университет
Ключові слова: мұсылмандық Испания; мәдениеттің өркендеуі; Абд ар-Рахман III; Хасдай ибн Шапрут; Еуропалық Ренессанс.

Анотація

Аңдатпа. Ортағасырлық Испаниядағы құрылымдық мәдени функцияның ерекше орны Омеядтар билігікезеңінде басталды. Мақалада Омейядтардың лидері Абд ар-Рахман III және оның еврейлік уәзірі тұсындағымәдени даму ерекшеліктері қарастырылады. ІІІ Абд ар-Рахманның табыстары бүкіл Еуропаның назарын аударды, ал халиф өзінің дана саясатымен бүкілхалықтық құрметке ие болды. Еуропа корольдері Абд ар-Рахман ІІІ-ніңбилігін мойындап, оған одақ құру туралы өтінішпен елшіліктер жіберді. Арабтық Испания Еуропаның саяси жәнемәдени орталығына айналды. Ауыл шаруашылығын, қолөнерді, сауданы, әдебиет пен оқу-ағарту салаларыныңдамуына қамқорлық жасап, мәдениеттің дамуына, саяси билікті нығайтуға қамқорлық жасады. Оның тұсындаастанада және басқа қалаларда үлкен өнер ескерткіштері жасалды. Оның табысқа жетуіне оның басқарудағыдәйектілігі мен билік ету ұзақтығы ықпал етті. Абд ар-Рахман III мұсылман емес басқа елдермен мемлекеттікістерді жүргізгенде сақ болу керектігін түсінді. Ол бұл әл-Андалустағы кейбір консервативті мұсылмандықкөңіл-күйді бұзатынын білді. Сондықтан ол өзінің дипломатиялық корпусына сенімді христиандар мен еврейлердіқосты. Кордовадағы еврей қауымы әсіресе тәуелсіз халифат жарияланғаннан кейін өркендеді. Визир Хасдай ибнШапрут Шығыстағы өзінің діндастарымен байланыс орнатып, соның салдарынан көптеген еврей ақындары, грамматиктер мен ғалымдары Кордоваға қоныс аударды. Соңғысының ынтымақтастығы нәтижесінде жоғарытеологиялық мектеп ұйымдастырылды. Бұл мақаланың мақсаты – Омеяд мұсылмандарының көсемі Абдар-Рахман III және оның еврей уәзірі Хасдай ибн Шапруттың билігі кезінде Х ғасырдағы исламдық Испаниядағымұсылмандар, еврейлер және христиандар арасында мәдени өркендеуге мүмкіндік берген факторларды зерттеу.

Жарияланды:
2025-03-25