377.1 «ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНДЕГІ ХИМИЯ» КУРСЫН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  • Назигул Кудабаева Казну
Ключові слова: тіршілік қауіпсіздігі, химиялық қауіпсіздік, экология, педагогикалық технология, В.Ф.Шаталовтың тірек-сызба әдісі.

Анотація

Аңдатпа. Мақалада тіршілік қауіпсіздігіндегі негізгі ұғымдарға анықтама беріледі, сонымен қатар  “Тіршілік қауіпсіздігіндегі химия” пәнінің пайда болуы мен даму тарихы сипатталады. Студенттерге осы пәнді оқытуда негізгі химиялық білімді қоса үйретудің маңыздылығы көрсетіледі. Қазақстан – 2030 стратегиясында  “2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдiр сулы, жасыл желектi елге айналуға тиiс” делінген. Осы міндетті орындау аясында білім алушылардың тіршілік қауіпсіздігі бойынша білімдерін арттырудың  алғышарттары анықталды.

Жоғары оқу орындарында химия пәнін химиялық емес мамандықтарға оқыту ерекшеліктері мен міндеттері айқындалып, оқу пәні ретінде “Тіршілік қауіпсіздігіндегі химия” курсын оқыту ерекшеліктеріне талдау жасалды. Студенттерге білім беруде жаңа әдістерді қолдану мен оқу мазмұнына жаңарту енгізу қажеттілігі  сипатталады. Негізгі зерттеу нысаны ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің “Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау” мамандығына химияны оқыту үдерісі алынды.

Кілт сөздер: тіршілік қауіпсіздігі, химиялық қауіпсіздік, экология, педагогикалық технология, В.Ф.Шаталовтың тірек-сызба әдісі.

Опубліковано
2023-06-26
Бөлім
Педагогика