ЖАЛПЫ ХИМИЯДАН ПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ БАҒАЛАУҒА КОНТЕКСТТІК ТАПСЫРМАЛАР ЖАСАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Контексттік тапсырмаларды бағалау жолдары; Контексттік тапсырмаға SWOT талдау жасау; «Бейметалдар химиясы» тақырыбына контексттік тапсырма құрастыру ; Контексттік тапсырмалардың тиімділігін анықтау

  • dilnaz Tolegenova КазГУ
Ключові слова: контексттік тапсырмалар; пәндік құзыреттілік; жалпы химия; дәстүрлі тапсырмалар.

Анотація

Бұл мақалада контексттік тапсырмаларды оқу мазмұнына біртіндеп қанықтыру процесі көзделеді. Оқыту нәтижелеріне қойылатын заманауи талаптарға қол жеткізу үшін (тек пәндік қана емес, сонымен қатар метапәндік және жеке) химиялық мазмұны практикамен біріктірілген тапсырмаларды қолдануы керек. Мұндай тапсырмалар контекстік тапсырмаларда қамтылады. Осыған орай, зерттеу жұмысына Химия жəне химиялық технология факультетінің  органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының 1 курс студенттері қатысты. Бақылау кезінде барлығы  7 студент болатын. Алдын ала “Бейметалдар химиясы” тақырыбына дəстүрлі тапсырмамен салыстырмалы түрде контексттік тапсырма даярланып, жалпы химия сабағында берілген болатын. Білім алушылардың тапсырмалар бойынша деңгейлері бақыланды. Нəтижесінде контексттік əдіспен берілген тапсырманы студенттер тез арада орындап, жоғары балл алады. Ал дəстүрлі тапсырма бойынша төмендеу көрсеткіш көрсетеді. Сонымен қатар, зерттеу барысында талдау əдістері қолданылады. Талдау əдісі негізінде зерттеу жұмысының нақты мəселесі анықталады.

Жарияланды:
2023-06-26
Бөлім
Педагогика