378.1 ШЕТЕЛДІК ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ PART-TIME ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ

  • Сауле Акимова ЗКУ им. М.Утемисова
Ключові слова: part-time оқыту, онлайн білім беру, цифрлық білім беру, бакалавриат, магистратура, қашықтан оқыту, студенттер

Анотація

Қашықтан білім беру әлемдік білім және ғылым саласындағы өзекті мәселе болып табылады. Біздің елімізде сырттай оқу формасының жойылуы жұмыс жасап жүріп немесе денсаулығына, отбасылық, әлеуметтік жағдайына байланысты кәсіби білім деңгейін көтеруді мақсат еткен азаматтар үшін проблема туғызды. Осындай жоғары білім беру жүйесіндегі сырттай оқу проблемасын part-time форматында қашықтан оқытуды жүзеге асыру арқылы шешуді көздейтін зерттеу барысында қазақстандық, шетелдік озық тәжірибелерді икемдеп трансформациялау бағыттары қарастырылады. Авторлар қашықтан оқытудың АҚШ, Еуропа елдеріндегі тәжірибелерін зерделеп, сандық және сапалық деректермен ұсынады. Зерттеуде шетелдік тәжірибелер тарихи, хронологиялық, әлеуметтік, педагогикалық ғылыми еңбектерді, академиялық есептерді талдау әдістері пайдаланылады. Part-time оқытудағы шетелдік тәжірибелердің озығын қазақстандық жоғары білім саласына енгізуге бағытталған педагогикалық шарттар тұжырымдалған. Мақалада шетелдік цифрлық білім беру тәжірибесінің Қазақстандағы жоғары білім жүйесіне трансформациялаудың тенденциялары айқын беріледі. Рart-time оқыту әдістемесін жасақтауға бағдарланған зерттеу әлі жалғасып, алдағы уақытта ұтымды әдістемені ұсынады.

Опубліковано
2023-09-25
Бөлім
Педагогика