МҰНАЙ ТҰТҚЫРЛЫҒЫН ТӨМЕНДЕТУГЕ ҚАБІЛЕТТІ МИКРООРГАНИЗМДЕР АССОЦИАЦИЯЛАРЫНЫҢ МАҚСАТТЫ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ

  • Анара Ибатова КазНУ
Ключові слова: микроорганизмдер, пласттардан мұнайды жоғарылатудың микробиологиялық әдісі (MEOR), мұнай өндірудің ұлғаюы (EOR), микроорганизмдер ассоциациялары, мұнай-пласт сулары, эмульсия түзу белсенділігі, қышқыл түзілу, тұтқырлық, биологиялық беттік-белсенді зат, биоэмульгатор.

Анотація

Мақалада өңделген пласттардан мұнай шығаруды жоғарылатудың микробиологиялық әдісін құрастыру үшін объект-кандидаттар  ретінде  мақсатты  метаболиттерді бөлуге қабілетті микроорганизмдердің зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу жұмысының мақсаты өңделген мұнайпласт суларынан бөлініп алынған мұнайсұйылту және мұнайығыстыру, мұнай тұтқырлығын төмендетуге қабілетті микроорганизмдер қауымдастықтарының мақсатты белсенділігін анықтау. Мұнай пласт суларының микроорганизмдері үлкен биотехнологиялық потенциалға ие. Сондай-ақ олар мұнайсұйылту және мұнайығыстыру метаболиттерін (органикалық қышқылдар, биосурфактанттар, еріткіштер, газдар) өндіреді. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша меласса қосылған минималды ортада зерттелген 25 қауымастық микроорганизмдерінен белсенді қышқылтүзуші 3 ассоциация Bacillus sp. және Pseudomonas aeruginosa (D7X + D8; D8 + Cl1;D1Х + D7 +D7X + D8 + Cl1.) анықталынды, солай дақылданған ортаның рН көрсеткіші (бастапқы 7,0 бір.) максималды төмен түсу көрсеткіші 4,1- 4,2 бір. аралығында  байқалды.  Максимальды  мұнайэмульгирлеу индексі 60,6-61 % аралығында 4 қауымдастық – D1Х + D7; D7 + D7X; D1Х + D7 +D7X; D1Х + D7 +D7X + D8 + Cl1 дақылдарында көрсетілген.

Микроорганизм қауымдастықтары мұнай тұтқырлығын төмендетуге қабілетті екі және бес монодақылдан құралған екі микроорганизмдер ассоциациясы іріктелініп алынды: Bacillus sp. D7X + Bacillus sp. D8; Bacillus sp. D1Х + P. aeruginosa D7 + Bacillus sp D7X + Bacillus sp D8 + Bacillus sp. Cl1 және  оларды  одан  әрі  мұнай  шығаруды  жоғарылатудың микробиологиялық әдістерін құрастыру үшін перспективті микроорганизмдері ретінде зерттеуді қажет етеді.

Опубліковано
2022-06-25
Бөлім
Экология