ӨНДІРІСТІК ОРТАНЫҢ ЗИЯНДЫ ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫНАН ЖЕКЕ ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Анотація
Мақалада өндірістік ортада зиянды физикалық факторлардан жеке қорғаныс құралдарын қолдану, сондай-ақ қызметкерлерге физикалық факторлардың теріс әсерін болдырмауға бағытталған жеке қорғаныс құралдарын таңдау, қолдану және тиімділік ерекшеліктері қарастырылған. Мақалада физикалық факторлардың әртүрлі топтары талданады мысалы, шу, діріл, микроклимат, жарықтандыру және жеке қорғаныс құралдарының түрлері, мысалы, көзілдірік, құлаққап, респираторлар және осы саладағы басқа технологиялық инновациялар. Осы мақаланың мақсаты өндірістік ортада зиянды физикалық факторлардан жеке қорғаныс құралдарын қолдану ерекшеліктерін талдау болып табылады. Еңбек жағдайларының жіктелуін және қорғаныс құралдарына қойылатын тиісті талаптарды қарастыру, сондай-ақ олардың тиімділігі мен дұрыс таңдауын бағалау арқылы біз өндірістегі жұмысшылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге әсер ететін негізгі аспектілерді анықтаймыз. Мақала ҚР ЕХӘҚМ еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының зерттеулерін бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде «Еңбек жағдайлары және кәсіптік тәуекелдер: «жасыл экономикаға» көшу шеңберінде жіктеу, санаттар және топтастыру өлшемшарттары» (ЖТН BR22182667) тақырыбында ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру барысында дайындалды.