РЕДКИЕ БЕСПОЗВОНОЧНЫЕ ЖИВОТНЫЕ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ. МАТЕРИАЛЫ К СОЗДАНИЮ РЕГИОНАЛЬНОЙ КРАСНОЙ КНИГИ
Анотація
Батыс Қазақстан облысының жоғары биоәртүрлілігі оның үш табиғи аймақта аумақтық орналасуымен және Жайық өзенінің жайылмасында интразональды биотоптардың болуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, омыртқасыздардың биоәртүрлілігі көбінесе әрбір аймақ үшін арнайы қорғау шараларын талап ететін айқын жергілікті сипатқа ие болады. Батыс Қазақстан облысының Қызыл кітабын, оның ішінде омыртқасыз жануарлардың 57 түрін шығаруды ұсынып отырмыз. Сирек кездесетін омыртқасыздар тізбесі түрлердің аймақта кездесуі және олардың - Халықаралық (IUSN), Қазақстан, Ресей Федерациясының және Батыс Қазақстанға іргелес Ресей аймақтарының Қызыл кітаптарынаенгізілгені туралы әдебиеттер мен далалық мәліметтерді ескере отырып құрастырылған. Авторлардың жұмысы Батыс Қазақстанның солтүстігінде мекендейтін омыртқасыз жануарлардың сирек түрлерін анықтаудың алғашқы әрекеті болып табылады.