STEM ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ФИЗИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ

  • dzhami dzhami dzhami
Ключові слова: STEM; интеграцияланған оқу; коллаборативті оқу; MINT; виртуалды зертхана; Ом заңы; проблемалық оқыту; робототехника; абстрактілі ойлау; техника.

Анотація

: STEM (Ғылым, Технология, Инженерия, Математика) технологияларын білім беру жүйесіне енгізу, әсіресе физика пәнінде қолдану, білім беру сапасын айтарлықтай арттырады. STEM технологиялары физика сабағында теориялық білімді практикамен байланыстыруға мүмкіндік береді, бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, оқу материалын тереңірек меңгеруге жағдай жасайды. Сонымен қатар, STEM білім беру әдістері сыни ойлау, шығармашылық қабілеттер, проблемаларды шешу және командалық жұмыс сияқты маңызды дағдыларды дамытуға ықпал етеді. STEM технологияларын физика сабағында қолдану арқылы оқушылар нақты өмірдегі физикалық құбылыстарды модельдеу және зерттеу арқылы теориялық білімді бекітуге мүмкіндік алады. Бұл тәсіл оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатыстыруға ынталандырады және болашақта ғылым мен техника саласындағы мамандықтарға бағыттайды.

Жарияланды:
2024-09-25
Бөлім
Педагогика