ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ АҒЗАНЫҢ КЕЙБІР ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ АҒЗАНЫҢ КЕЙБІР ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Анотація
Дене тəрбиесі жəне спорт физиологиясы ғылымы – салыстырмалы түрде алып қарағанда, жас ғылым. Дегенмен, ерікті қозғалыстардың физиологиялық табиғатын зерттеу нəтижелері көптеген жылдар бойы қалыптасқан. Өмірдің басқа да қажеттілігіне қарай туындайтын барлық қозғалыстар тəрізді спорттық жаттығулар үдерісінде немесе дене шынықтырумен шұғылдану кезінде орындалатын қозғалыстар да физиологиялық заңдылықтар негізінде орындалады. Ол қазіргі уақытқа дейін ғылыми-зерттеу нəтижелерімен толықтырылып даму үстінде.
Әр түрлі спорттық əрекет кезіндегі жеке жүйелердегі, сондай-ақ біртұтас организмде пайда болатын өзгерістердің, физиологиялық реакциялардың тек қана сандық емес, сапалық та сипаттамасын беру болып табылады. Қарқынды бұлшық ет белсенділігі кезінде организмде пайда болатын өзгерістердің физиологиялық механизмдерін білу, денсаулықты сақтай отырып дене жұмыс қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін жаттығуларды дұрыс бағалауға жəне тиімді жоспарлау керек. Организмнің қызметтік қорларына жəне бұлшық ет жүктемелеріне бейімделуінің физиологиялық механизмдеріне ерекше назар аудару қажет