ШЫҒЫС СВЕРБИГАНЫ ДӘРІЛІК ӨСІМДІК ТЕКТЕС ШИКІЗАТТЫ АЛУҒА ӨҢДЕУ
Анотація
Бұл шолу мақаласында шығыс свербига өсімдігінің дәрілік шикізат ретінде қолданылу аспектілері мен маңызы келтірілген. Ғылыми мақалаларды іздеу үшін Pubmed, КиберЛенинка, eLIBRARY, Scopus дерекқорлары пайдаланылды. Мақалада шығыс свербиганың ерекшеліктері, қолданылу аясы және географиялық таралуы егжей-тегжейлі қарастырылады. Зерттеулер көрсеткендей, шығыс свербиганың құрамында микроэлементтер, флавоноидтар, таниндер және т.б. сияқты пайдалы заттар бар. Бұл заттар қабынуға қарсы, микробқа қарсы және антиоксиданттық әсерге ие, бұл шығыс свербиганы әртүрлі аурулармен күресуде тиімді құрал етеді. Мақаланың қорытындылары шығыс свербиганың дәрілік өсімдік тектес шикізат ретінде медицина мен фармацевтика үшін үлкен маңыздылығын көрсетеді.