АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

  • Альбина Жулкашова Западно-Казахстанский университет имени М. Утемисова
  • Нургул Тукешова М. Өтемісов ат. Батыс Қазақстан университеті
Ключові слова: лексикалық дағды, ойын әдісі, ағылшын тілі, шетел тілін оқыту әдістемесі, лексикалық ойындар, коммуникативтік дағды

Анотація

Бұл мақалада ағылшын тілі сабағында ойын әдістерін қолдану арқылы лексикалық дағдыларды дамыту мәселелері қарастырылады. Ойын әдістері, лексикалық ойындар және олардың оқушылардың сөздік қорын байытудағы рөлі талқыланады. Ойын әдістері лексикалық дағдыларды қалыптастыруда маңызды құрал ретінде ұсынылады, себебі олар оқушылардың жаңа сөздерді есте сақтап, еркін қолдануына көмектеседі. Сонымен қатар, ойындар барысында қалыптасатын бәсекелестік пен белсенділік, өзара әрекеттестік пен ынтымақтастық атмосферасы оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырады. Мақалада лексикалық дағдыларды дамытуға арналған бірнеше тиімді ойын түрлері сипатталып, әрқайсысының оқу үрдісіне оң әсері түсіндіріледі. Мысалы, «Go Fish», «Vocabulary Land», «Rolling Words» сияқты ойындар арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту және есте сақтау қабілетін дамыту тәсілдері талданады.

Біографія автора

Нургул Тукешова, М. Өтемісов ат. Батыс Қазақстан университеті

"Шетел тілдері мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау" БББ оқытушысы

Философия докторы (PhD)

Жарияланды:
2024-12-25
Бөлім
Педагогика